Жерде магнит толқуы басталды

0
502

Толқудың пайда болуына 28 қазанда Күнде болған күшті Х жарқылы әсер еткен. Болжам бойынша, ол дүйсенбі күнінің жартысына дейін жалғасады.


Жерде магнит толқуы басталды

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Жердің магнитосферасында магнит толқуы басталды. Ғалымдардың айтуынша, магнит толқуы өте әлсіз, деп жазады Stan.kz.

Толқудың пайда болуына 28 қазанда Күнде болған күшті Х жарқылы әсер еткен. Болжам бойынша, ол дүйсенбі күнінің жартысына дейін жалғасады.

Физика институтының Күн астрономиясы рентгендік лабораториясы сайтында көрсетілгендей, толқу өте әлсіз, G1 деңгейінде екен.

Лаборатория қызметкерлерінің айтуынша, мұның әсерінен энергетика жүйесінің қорғанысында жалған сигнал берілуі мүмкін, ғарыш құрылғылары аз қуат жинағандықтан, орбитадан шығып кетуі ықтимал екен.

Сонымен қатар спутниктік навигация мен төменжиілікті радионавигация жұмысында үзілістер болып, жоғары жиілікті радиобайланыста кедергілер орнауы мүмкін.