Жерде магниттік дауыл болады деп күтілуде

0
2 537

Дәрігерлер бұл күндері маңызды жұмыстардан бас тартып, ұйқыны қандыруға кеңес береді.


Жерде магниттік дауыл болады деп күтілуде

ERNUR.KZ. Астрофизиктер қаңтарда созылмалы магниттік дауыл болады деп болжап отыр, деп жазады 24.kz.

Магниттік дауыл 17-20 қаңтар аралығында болады деп күтілуде. Ал келесі магниттік дауыл ақпан айының басында келуі мүмкін. Дәрігерлер бұл күндері маңызды жұмыстардан бас тартып, ұйқыны қандыруға кеңес береді.

Себебі ауа райына сезімтал адамдарға магниттік дауылдар айтарлықтай әсер етеді. Оларда шаршағыштық, бас ауруы болады және өз сырқаттарының өршуі мүмкін.

Магниттік дауылдан қалай сақтанған жөн?

Жерден магниттік толқын өтеді: мамандар көбірек су ішуге кеңес береді.