Жерге көлемі Хеопс пирамидасындай астероид жақындап келеді

0
1 066

Бұл туралы NASA мамандары айтты.


Жерге көлемі Хеопс пирамидасындай астероид жақындап келеді

ERNUR.KZ. Көлемі Хеопс пирамидасымен тең ірі астероид тамыз айының соңында Жерге қарай жақындайды, деп жазады Алтайньюс.

Басылымның мәліметінше, астероидтың диаметрі – 160 метр. Бұл әлемдегі ірі пирамида Хеопстан 20 метрге биік екен. NASA мамандары 28 тамызда ірі астероидтың Жерге қазіргіден 40 есе жақындайтынын айтады.

Мұның алдында Еуропа Ғарыш агенттігі Жер үшін қауіпті деген ғарыш нысандарының тізімін жариялаған болатын. Мамандардың сөзіне қарағанда, ең қауіпті нысандардың бірі Жерге биыл 9 қыркүйекте жақындауы мүмкін.