Жеті күнде Украинаның 830 мың азаматы босқын атанған

0
643

БҰҰ сарапшыларының болжамынша, қазіргі соғыстың салдарынан Украинада 12 миллион адамға дейін босып кетуі мүмкін.


Жеті күнде Украинаның 830 мың азаматы босқын атанған

ERNUR.KZ. Ресейдің Украинадағы басқыншылығының жеті күнінде 830 мың украин босқын атанды, деп жазады azattyq.org.

Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Шабиа Манту мәлімдеді.

Украина төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, соғыстың жеті күнінде шамамен 2 мың украин азаматы ресейлік жауынгерлер оғынан опат болған.

Украина омбудсменінің мәлімдеуінше, соғыста кәмелет жасқа толмаған 21 адам қаза тапты, 55 бала жараланды.

Ресейдің қорғаныс министрлігі соғыс басталғалы алғаш рет адам шығыны туралы мәлімет таратты. Министрліктің мәліметінше, соғыста 498 адам қаза тапты, 1597 адам жараланды.

Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей соғыста шамамен алты мың адамынан айрылған.

БҰҰ сарапшыларының болжамынша, қазіргі соғыстың салдарынан Украинада 12 миллион адамға дейін босып кетуі мүмкін.