​Жезөкшелер тұратын пәтерлерге бейнекамера орнатылады

0
2 618

Бұл туралы облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.


​Жезөкшелер тұратын пәтерлерге бейнекамера орнатылады

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Наманған облысында жезөкшелікпен шұғылданатын әйелдер тұратын үйлерге бейнекамералар орнатылады. Бұл туралы 20 қаңтарда облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, шағын аудандарда қылмыстың алдын алу үшін бейнекамералар орнатыла бастады. Ойын-сауық орталықтары, компьютерлік клубтар, ішімдік сатылатын дүкендер бақылауға алынады.

"Бақылау камералары ішкі істер бөліміне қосылады. Таспа бір ай бойы сақталады. Камералар тәулік бойы бақылау жүргізеді" делінген хабарламада.

Бірнеше күн бұрын бір топ адам екі жасөспірімді аяусыз соққыға шыққаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары оқиғаның Наманган облысында болғанын жазды.


Дереккөз: centralasian.org/a