​Жолаушылар мінген пойыз адасып кетті

0
1 739

Ұлыбританияда пойыздың машинисті бағдарын шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті.


​Жолаушылар мінген пойыз адасып кетті

фото vkpress.ru

ERNUR.KZ.Ұлыбританияда пойыздың машинисті бағдарын шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті. Бұл туралы Daily Mirror сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Пойыз Англияның солтүстігінде орналасқан Ньюкасл-апон-Тайн қаласынан шығады. Қала Лондоннан 446 километр қашықтықта орналасқан. Жолаушылар ел астанасынан 60 шақырым жерде орналасқан оңтүстіктегі Рединг қаласына бару керек болған. Бірақ Донкастер қаласында келеңсіз жағдай болып, диспетчерлер оны вокзалдың сыртындағы күту жолына жіберген. Ал пойыз болса, түсініксіз себеппен дұрыс бұрылмай, оңтүстікке емес, Англияның батысына қарай жүріп кетеді. Машинист Уэст-Йоркшир графтығындағы Понтевракт қаласына барғанда қателескенін түсінеді.

«Қазір мен жоғалған пойызбен Понтефракт маңындамын. Біз мұнда тұрып қалдық, себебі пойызды жүргізуші жолды шатастырды. Дәл осылай болады деп кім ойлаған?» - деп жазды жолаушылардың бірі Twitter-де.

Оның айтуынша, жүздеген жолаушы проблеманың шешілуін күткен.

Понтефракт маңында ұзақ тұрған пойыз артқа қарай шығып, шатасқан жеріне бір сағатта жетті. Содан соң жолаушылар Саут-Йоркшир графтығындағы Шеффилд қаласынан түсіп, Бирмингемге дейінгі пойызға отырды. Кейін Бирмингемнен Редингке дейін басқа пойызбен 1 сағат 40 минутта жетуге болады.