Жүк көлігін көтере алмаған көпір опырылып түсті (видео)

0
1 663

Көпірдің құлауынан жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақаттар алып ауруханаға жеткізілген


Жүк көлігін көтере алмаған көпір опырылып түсті (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Амурск облысы, Свободный қаласында Транссиба жолы арқылы өтетін көпір пойыз вагондарының үстіне құлады. Оқыс жағдай видеожазбаға түсіп қалған деп жазады nur.kz.

Видеода көпір астынан бір пойыз жүріп өткен соң, бірнеше секунд ішінде көпірдің құлағанын байқауға болады. Ал оның үстінде ауыр жүк көлігі келе жатқан екен.

Көпірдің құлауынан жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақаттар алып ауруханаға жеткізілген.

Билік өкілдерінің айтуынша, көпір тым ауыр жүк көлігінің салмағын көтере алмаған деген болжам айтуда.