​Жұмыстан қажыған полицейлер денсаулығына байланысты демалыс алды

0
1 155

Кәсіподақ ұйымы бұл ахуалдың қызметкерлер тарапынан жасалып отырған наразылық акциясы емес екенін атап өтті


​Жұмыстан қажыған полицейлер денсаулығына байланысты демалыс алды

ERNUR.KZ. Польшаның Камень-Поморский қаласында бүкіл полиция құрамы денсаулығына байланысты демалыс алды, деп жазады sputniknews.kz.

Щецин қаласында да дәл сондай ахуал туындаған, бір учаскеде полицейлердің барлығы, екіншісінде 70%-ы ауырып қалыпты.

"Ынтымақтастық" тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Рафал Янковский түсіндіргендей, қызметкерлер саны жетіспегендіктен, полицейлер шамадан тыс жұмыс істеп, нәтижесінде әбден қажыған. Бұдан бөлек, жаз айында полиция қызметкерлерінің көбісі демалыс алады.

Кәсіподақ ұйымы атап өткендей, Камень-Поморский мен Щецин қаласындағы ахуалдар ереуіл емес, тек "адам төзімділігінің де шектеуі бар" дегенді білдіреді.