​Жүргізуші өртке оранған көліктен шығып үлгермеді (видео)

0
1 203

Ford Mondeo Mercedes-Benz көлігіне соғылып, артынша өртеніп кетті. Жүргізуші көліктен сыртқа шығып үлгермеді.


​Жүргізуші өртке оранған көліктен шығып үлгермеді (видео)

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні кешкі сағат 22:38 кезінде Ош облысы Үзген ауданы Кароол ауылында болды, деп жазады sputniknews.kz.


Екі көлік бір-біріне соқтығысқаннан кейін олардың біреуі өртке оранды. Осы өртенген көлік ішінде отырған ер адам сыртқа шығып үлгермеді. Милиция қайғылы оқиға болған жерде ажал құшқан жүргізушінің кім екенін анықтады.

Сондай-ақ, әзірге ер адамның тірідей жанып кеткеніне қатысты ақпарат әлі анық еместігі айтылды. Себебі, ер адам көлік өртенбей тұрып ажал құшқан болуы да мүмкін.