Журналистің тікелей эфирдегі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

0
625

Видеодан тілшінің бір орында әрең тұрғаны байқалады.


Журналистің тікелей эфирдегі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

ERNUR.KZ. NBC телеарнасының тілшісі әрі синоптик Аль Рокер "Ида" дауылы соғып тұрған қауіпті аймақта тұрып, тікелей эфир жүргізді. Түсірілімнің толық нұсқасы NBC телеарнасында көрсетілетін "Meet the Press" бағдарлаамасының Twitter-аккаунтында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, Аль Рокер репортаж жасау үшін Жаңа Орлеанға келеді. Видеодағы кадрлардан түсірілім барысында тілшінің бір орында әрең тұрғаны байқалады. Түсірілімнің соңына дейін ол дауыл мен толқынға қарсы тұруға тырысады.

"Бұл дауыл жолындағының бәрін тып-типыл етеді", - дейді тілші эфирде.




Twitter-дегі парақшада жарияланған видеоны 3,2 млн адам көріп, мыңнан аса оқырман пікір қалдырған. Көптеген көрермендер тілші үшін алаңдағанын жазған. Кейбір оқырмандар Рокерді толқын алып кетуі мүмкін екенін жазып, телеарна басшыларын адам өмірімен ойнады деп айыптады.

Көреремендер арасында синоптиктің "табиғаттың дүлей күшін сезінгеніне" қызыққандар да бар.