​Зілтемір көтермек болған атлет есінен танып қалды (видео)

0
3 567

Уэльстік 27 жастағы ауыр атлет Джошуа Парри 160 келі зілтемірді сәтсіз көтеріп, есінен танып қалды. Оқиға Аустралияда Ынтымақтастық ойындарында болды


​Зілтемір көтермек болған атлет есінен танып қалды (видео)

Аустралияда Ынтымақтастық ойындарында Уэльстің 27 жастағы ауыр атлеті Джошуа Парри 160 келі зілтемірді көтерe кезінде есінен танып қалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ perthnow.com.au порталына сілтеме жасап.

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы зілтемірді иығына дейін сілке көтеріп, басынан асыруға шамасы жетпеді. Ол зілтемірді жерге тастап жіберіп, артынша өзі де талып түсті. Дәрігерлер атлетке көмек көрсеткен бірнеше минуттан соң барып ол есін жиды. Спортта жеңісті емес жігерді сыйлаған көрермен спортшының қошеметімен тұғырдан шығарып салды.