Қазақстандықтар өз өмірі мен өмір сүру сапасына қаншалықы риза?

0
1 336

Бұл сұрақтың жауабын Статистика комитетінің зерттеуінен білдік.


Қазақстандықтар өз өмірі мен өмір сүру сапасына қаншалықы риза?

ERNUR.KZ. 2019 жылы сауалнамаға қатысқандардың 60% «өз өміріме қанағаттанамын» деп жауап берген, деп жазады «Хабар 24».

Статистикаға қарап, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда бақытты ма дерсіз. Себебі ауылда тұратын халықтың 70%-ке жуығы, ал қалалықтардың 54%-тен астамы өз өміріне риза екенін білдірген. Тағы бір дерек, өмір сүру сапасын оң бағалағандардың көбі ер азаматтар.

Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 48,5%-і өз денсаулығына қанағаттанған. Мұнда да ауылдықтардың үлесі басым. Сауалнамаға қатысқандардың 44,3%-і бос уақытының болуына риза. Ал материалдық жағдайына қатысты сұраққа зерттеуден өткендердің 68,8%-і өздерін орташа деңгейге жатқызса, 0,4%-і өзін қамтамасыз етудің төмен деңгейінде екенін көрсетті және респонденттердің 0,3%-і ғана материалдық жағдайын жоғары деңгейге жатқызған.