Коронавирустан кейін иіс сезуді қалай қалпына келтіруге болады

0
3 233

​Дәрігер коронавируспен ауырғаннан кейін иіс сезуді қалай қалпына келтіруге болатыны туралы айтып берді.


Коронавирустан кейін иіс сезуді қалай қалпына келтіруге болады

ERNUR.KZ. Коронавирусқа шалдыққан адамдарда иіс сезудің бұзылуы немесе толық жоғалуы жиі кездеседі. Оны қалпына келтіру үшін тамақтану рационын өзгертіп, түрлі майлармен ароматерапия жүргізу керек, сондай-ақ психикалық денсаулықты реттеген абзал. Бұл туралы инфекционист Светлана Малиновская айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Паросмия, яғни иіс сезудің бұзылуы бүгінде коронавирустың ең жиі кездесетін салдары деп санайды дәрігер. Бұл кей жағдайда орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен байланысты.

"Орталық жүйке жүйесінде иіс сезу талшықтары – жүйке құрылымы, бас миының бөлігі бар. Олар иіс сезу рецепторларынан сигналды қабылдап, өңдейді. Осы талшықтар зақымданған кезде паросмия асқынады", - дейді Малиновская.

Көп жағдайда науқастар жағымсыз иісті жиі сезе бастағанын айтып шағымданады: біреулер кофеден және әдеттегі тіс пастасынан бас тартса, біреулер сүйікті асынан жиіркене бастайды.

Дәрігер психикалық денсаулықты реттеуге кеңес берді. Таза ауада жиі серуендеп, тынығудың түрлі әдісін қолдану керек.

Малиновскаяның айтуынша, иіс сезудің қатты бұзылуы ағза үшін күйзеліс тудырып, бұл өз кезегінде паросмия симптомын асқындырып жіберуі мүмкін.

Егер тағамның иісі шыдатпастай жағымсыз болса, онда күріш, қайнатылған картоп сынды тағамдарға басымдық берген дұрыс.

Сонымен қатар дәмі мен құрамында иістеуіш жоқ протеин коктейлін де ішуге болады. Паросмия кезінде иісі мен дәмі өткір, қатты білінетін ас-судан аулақ болу керек.