Маман кеңесі: флюорографияны қалай дұрыс өту керек

0
1 321

​Флюорографияны неше жастан бастап, не үшін және жылына қанша рет өту қажет?


Маман кеңесі: флюорографияны қалай дұрыс өту керек

ERNUR.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің (ҚДСҰО ИЕААД) скринингтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Гүлжан Коңыршина флюорографияға қатысты сауалдарға жауап берді, деп жазады Елорда Инфо.

«Кеуде қуысының флюорографиясы – кеуде қуысы мен өкпе органдарын рентгенологиялық тексерудің профилактикалық және диагностикалық әдісі. Кеуде қуысының флюорографиясы обырды, туберкулезді және өкпенің кәсіби ауруларын анықтау үшін скринингтік зерттеу болып саналады», - деді ол.
Маманның айтуынша, флюорография диагностикалық мақсатта жылына 1 рет барлық ересектер мен 15 жасқа толған жасөспірімдерге жүргізіледі. Алайда, осы тексеру жиі жүргізілетін адамдар тобы бар (жылына 2 рет):
* «Зиянды өндірісте» жұмыс істейтін адамдар (болат құю, кен өндіру, резеңке, асбест, полипропилен өндіру зауыттары, сондай-ақ химиялық кәсіпорындар);
* Балалармен жұмыс істейтін адамдар (педагогтар, тәрбиеші);
* Перзентханалардың, туберкулезге қарсы диспансерлердің, инфекциялық бөлімшелердің және перинаталдық орталықтардың медицина қызметкерлері;
* Созылмалы патологиялары бар емделушілер (демікпе, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және т.б.).
Барлық рентгенологиялық зерттеулерді 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге өтуге болмайды. Сонымен қатар, жүкті әйелдер, әсіресе бірінші триместрде өтуге тыйым салынады.
Флюорографияны босанғаннан кейінгі алғашқы күндері әйелдерде туберкулезді анықтау мақсатында жүргізеді. Процедурадан кейін сүт порциясын сүзіп тастап, содан кейін ғана баланы емізуді жалғастыруға болады.
Гүлжан Қоңыршина атап өткендей, флюорография арнайы дайындықты қажет етпейді және кез келген уақытта өткізіледі.
Зерттеудің негізгі шарттары:
* Зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек – бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді.
* Емшара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, емшара алдында барлық металл заттарды (шынжырлар, кулондар т.б.), сондай-ақ бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек.
* Әйелдерге бюстгальтер шешуді немесе ілгекті шолуға түспеу үшін белге түсіруді талап етеді;
* Ұзын шашты суретке кедергі жасамауы үшін төбеге жинап тастау ұсынылады.
* Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі, сондықтан ол жатқан науқасқа тағайындалмайды.
* Флюорография кезінде рентгенологтың барлық ұсыныстарын дәл орындау керек. Сурет барынша терең демалғанда жасалады – бұл кезеңде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді.
* Зерттеу кезінде рентген сәулелері арқа жақтан өтіп аса сезімтал пленкасы бар кассетаға түсіп, ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді.
Флюорографияны не үшін жасау керек?
Флюорограмма дені сау, бұрын ешқандай өкпе ауруларымен ауырмаған адамда қалыпты болады. Флюорография нормасы – қара дақтарсыз өкпе суреті.
Патологиялық флюорограмма – бұрын ауырған немесе бар ауруды куәландыратын өзгерістер анықталғанда болады:
• түрлі қатерсіз және қатерлі ісіктер;
* қабыну ошағы;
* фиброз;
* өкпе туберкулезі;
* бөгде денелер;
* ішкі органдар тіндерінің некрозы;
* абсцесстер
«Өкпе флюорографиясы патология туралы нақты ақпарат бермейді, бірақ ол өкпе тіндеріндегі өзгерістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін процедура өкпенің алдын алу диагностикасында ең қажетті болып саналады», - деп ойын аяқтады Гүлжан Коңыршина.