Назар аударыңыздар: Шымкент қаласында табиғи газ өшіріледі

0
1 990

Бұл туралы Шымкент қаласының ТҮКШ басқармасы хабарлайды!


Назар аударыңыздар: Шымкент қаласында табиғи газ өшіріледі

Шымкент қаласындағы бірнеше көшеде табиғи газ өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының өндірістік жұмыс жоспары бойынша Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі №71а, Тассай ш/а, Жібек жолы көшесіндегі газ құбырларында тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстар барысында 25 шілде күні Желтоқсан көшесінде ұжымдық 1 ШРП (27 абонент), 29 шілде күні Тассай ш/а, Жібек жолы көшесінде ұжымдық ШРП-лар (7 коммуналды-тұрмыстық мекеме), 722 жеке абонентке табиғи газдың берілуі уақытша тоқтатылады.