Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

0
846

Мамандар қазақстандықтар дәріханадан жаппай сатып алып жатқан дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан міндетті түрде дәрігер тағайындауы тиіс


Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

ERNUR.KZ. Температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты, деп жазады sputniknews.kz.


Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау қажет", - деді доцент.

Медицина ғылымдарының кандидаты неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатынын айтты.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты дене қызуын түсіретін дәрілер тапшылығы туындады.

Бұл мәселені шешуді президент денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарына тапсырды.