Шетелде тегін білім алудың жолдары

0
4 359

Шетелде тегін білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар.


Шетелде тегін білім алудың жолдары

Шетелде тегін білім алудың жолдары көп. АҚШ, Түркия, Еуропа мен Азияның дамыған елдерінде тегін оқуға мүмкіндік беретін түрлі бағдарлама бар. Ол бойынша бакалавр, магистратура, PHD оқып, шетелде стажировкадан өтуге болады. Кейбір шетелдік университеттердің өз гранттары да бар.

Грант иегері атану үшін үміткер барлық талапқа сай болу керек. Олар әдетте білімді, талабы зор, мақсаты мен идеясы бар және оны жүзеге асырудың жолдарын білетін, алайда елге пайда әкелетін идеясын жүзеге асыру үшін Қазақстанда қажетті білім мен тәжірибе ала алмай жүрген адамды іздейді. Оқитын елдің тілін де жетік меңгеру қажет. Егер бағдарлама немесе университеттің талабына жауап берсеңіз олар оқу ақысын төлеп, жол шығынын өтеп, медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіп, кітапқа ақша бөліп, ай сайын шәкіртақы төлеуге әзір. Ендеше шетелде тегін білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды шолып өтейік.

Chevening. Британия. Магистратура

Chevening бағдарламасымен Британия университеттерінде магистратурада бір жыл оқи аласыз (Британяида магистратурада оқу ұзақтығы 1 жыл). Бағдарлама барлық шығынды өтейді, яғни оқу ақысы, ұшақ билеті, тұратын үй мен кітапқа кететін шығын.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Бакалавр дипломы мен Британия университетінен шақырту, яғни ең алдымен Британия университетіне түсу қажет.
  2. Екі жыл жұмыс тәжірибеңіз болу керек.
  3. Өзіңіз туралы қысқаша жазу қажет.
  4. Екі адамнан мінездеме.

Аталмыш құжаттарыңыз қабылданып, келесі турға өтсеңіз интервьюге шақырту аласыз. Ол сіз тұратын қаладағы/елдегі Британия елшілігінде өтеді. Интервью ағылшын тілінде өтеді.

Erasmus Mundus (EMJMD). Еуропа елдері. Магистратура. Бакалавр.

Erasmus Mundus арқылы бірнеше Еуропа елінің университетінде оқи аласыз. Бұл шетелде білім алып қана қоймай, саяхаттауға да тамаша мүмкіндік.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. IELTS0 (әр секция бойынша 5.5 төмен болмау керек). TOEFL сертификатымен де тапсыруға болады. 72 балл болу керек (әр секция бойынша 17 төмен болмауы керек). Егер Еуропада бакалавр оқысаңыз немесе АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландияда білім алсаңыз аталмыш тесттен босатыласыз.
  2. Магистратураға тапсыратындар GRE тапсыруға міндеттеледі.
  3. Уәждемелік хат.
  4. Диплом.
  5. Паспорт

Аталмыш құжаттарыңыз қабылданып, келесі турға өтсеңіз интервьюге шақырту аласыз. Интервью ағылшын тілінде онлайн өтеді.

DAAD. Германия. Бакалавр. Магистратура. PHD. Стажировка

DAAD бағдарламасымен бірнеше категория бойынша тапсыруға болады.

  • Қазақстандағы ЖОО-дағы 2 немесе 3 курс студенттері мен магистратура оқып жүргендер жазда 3-4 апта Германияда неміс тілін тегін оқи алады.
  • Бір немесе екі жыл барлық мамандық бойынша магистратура оқуға болады.
  • Экономистерге арналған стипендия (ERP). Оқу ұзақтығы 1 немесе 2 жыл.
  • Экономика, инженерлік ғылым, экология саласында басшылық қызметтегі қызметкерлер мен мамандарға стипендия (EPOS). Оқу ұзықтығы 1-3 жыл.
  • Архитекторларға арналған стипендия. Оқу ұзақтығы 1 немесе 2 жыл.
  • Бұрын DAAD стипендиясын жеңіп алғандар да қайта стипендиядаға үміткер бола алады. Оқу ұзақтығы 1-3 ай.

DAAD-тың арнайы стипендиясы:

  • Қазақстандағы ЖОО-да неміс тілі немесе неміс филологиясынан сабақ беретін мұғалімдер 4 ай Германияда оқи алады.
  • Шығармашылық бағытта сабақ беретін мұғалімдер 3, 4 ай Германияда стажировкадан өте алады.

Turkiye Burslari. Түркия. Бакалавр. Магистратура. PHD.

Бакалавр бойынша оқу ұзақтығы – 4-6 жыл. Оқу түрік тілінде болғандықтан бір жыл түрік тілін үйретеді. Бағдарлама оқу ақысын төлеп, ұшақ билетін сатып алып, жатын орынмен қамтамасыз етіп, медициналық шығынды өтеп, ай сайын 800 лир шәкіртақы береді.

Магистратура немесе PHD оқитындарға шәкіртақы көбірек төленеді. Магистранттар ай сайын 1,100 лир алса, PHD студенттері 1,600 лир шәкірақы алады.

Магистратура оқу ұзақтығы – 3 жыл. 1 жыл түрік тілін үйренуге кетеді. Қалған 2 жыл академиялық оқу.

PHD оқу ұзақтығы – 4 жыл. 1 жыл түрік тілін үйренуге кетеді. Қалған 3 жыл академиялық оқу.

Turkiye Burslari-нің қысқа мерзімді бағдарламалары да бар. Оқу ұзақтығы – 1 жыл. Оған сәйкес, стипендия төленіп, оқу тегін. Алайда жатын орын, ұщақ билеті секілді шығындар өтелмейді.

Зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар да бар. Бағдарлама бойынша 3-10 ай зертханада зерттеу жүрігузе болады. Ай сайын төленетені стипендия – 3000 лир.

Turkiye Burslari аясында ғалымдар мен мемлекеттік жұмысшыларға арналған бағдарлама бар. Оқу ұзақтығы – 8-10 ай. Бағдарлама ұшақ билетін салып алып, жатын орынмен қамтамасыз етіп, айына 2000 лир шәкіртақы төлейді, түрік тілін үйретеді, бірақ медициналық сақтандыру шығыны өтелмейді.

Turkiye Burslari бағдарламасымен оқығыңыз келсе бағдарлама сайтында көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, құжаттарды жүктеу қажет. Неліктен Түркияда оқығыңыз келетінін түсіндіріп, болашаққа жоспарыңызбен бөлісу қажет. Бұл – бірінші тур. Құжаттарыңыз қабылданса, интервьюден өтесіз. Сұхбат қазақ немесе орыс тілінде өтеді.

Fulbright. АҚШ. Магистратура

Fulbright бағдарламасымен медицина саласынан бөлек барлық мамандық бойынша тапсыруға болады.

  • Үміткердің бакалавр дипомы болу керек.
  • Қазақстан азаматы болу қажет.
  • ЖОО бітіргеннен кейін мамандық бойынша 2 жыл жұмыс істеген болуы керек. Бакалаврды енді аяқтағандардан жұмыс өтілі сұралмайды.
  • АҚШ-тың ЖОО-нын бітіргендердің құжаты қабылданбайды.
  • Батыс Еуропа, Аустралия, Жаңа Зеландия мен Канада университетінде оқығандардың да құжаты қабылданбайды.

Қажетті құжаттар:

  1. Онлайн өтініш толтыру.
  2. Бакалавр дипломы мен қосымшасы.
  3. Үш мінездеме хат (Профессор, жұмыс берушіден)
  4. TOEFL және GRE/GMAT.
  5. Түйіндеме
  6. Паспорт көшірмесі.

Соңғы этап – интервью. Интервьюден де сәтті өтсеңіз Fulbright виза шығынын, медициналық сақтандыру, ай сайын стипендия, кітап шығыны мен ұшақ билетін сатып алады.

"Болашақ" бағдарламасы. Магистратура. Стажировка. PHD.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша кез келген елде түрлі мамандық бойынша оқуға болады. Үміткер бірнеше категория бойынша тапсыра алады.

Бағдарлама талабы бойынша IELTS немесе TOEFL-дан шекті балл жинау керек.

Екі жыл жұмыс өтілі (оны өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеген компаниядан түсіп тұрған зейнетақымен бекітесіз). Жұмыс өтілін сұрамайтын категориялар да бар.

Бакалавр дипломының қосымшасының орташа баллы 3.30-дан төмен болмауы керек.

Ұсыным xат

Қосымша тағы құжаттар сұралады. Бұл бірінші тур. Келесі турға өтсеңіз қазақ тілінен тест тапсырасыз. Интеллектуалдық тест. Псиxологиялық тест. Қазақстан тариxы мен ҚР Конституциясы бойынша емтиxаннан өтуіңіз керек.

Соңғы әрі шешу кезең - әңгімелесу.

Аталмыш бағдарламалар туралы толық ақпаратты бағдарлама сайтынан біле аласыз.


Дереккөз: Qamshy.kz.