Шымкентте электросирена жүйесі тексеріледі

0
1 666

Қала тұрғындарының назарына!


Шымкентте электросирена жүйесі тексеріледі

Шымкент қаласында электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарландыру жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, 2019 жылы 21 қазан күні сағат 12.50-де Шымкент қаласындағы электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі.

«Үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз. Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қауіпі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады. Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қол жетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын - телеарнаны, радионы міндетті түрде іске қосып, қалыптасқан жағдайда жасайтын іс-қимылдар туралы нұсқаулық алу қажет», - делінген хабарламада.