Wi-Fi-роутерді қай жерге қойған қауіпті екені айтылды

0
3 488

Маман роутерден шығатын сәуле үш метр радиуста таралатындығын және адамға үнемі әсер ететіндігін айтты.


Wi-Fi-роутерді қай жерге қойған қауіпті екені айтылды

ERNUR.KZ. Wi-Fi-роутерді адамдар отыратын жерге қоймаған жөн. Оны жұмыс үстелінен немесе кереуеттен алыс қою қажет. Бұл туралы сарапшы Антон Ястребцев айтты, деп хабарлайды Хабар24.

Оның айтуынша, үйде пайдалануға арналған сертификатталған роутерлер қауіпсіз болуы керек, дегенмен олар адамдарға қандай да бір әсерін тигізуі мүмкін. Ол кейбір қолданушылардың роутерді жұмыс үстеліне қоятынын айтты.

Маман роутерден шығатын сәуле үш метр радиуста таралатынына және адамға үнемі әсер ететіндігіне тоқталды.


«Сондай-ақ ол кереуеттен екі-үш метр қашықтықта, әсіресе төсектің бас жағында орналасса, ол қауіпті. Мұндай жағдайда ол адамға, әсіресе оның миына зиян тигізеді», - дейді сарапшы.


Оның айтуынша, роутерді дәлізге немесе өзіңіз отыратын жерден екі-үш метр алысқа қойған жөн.