Ел тұрғындары тұтас тексеруден өтеді

0
1 253

2019 жылдың қарашасында Қазақстанда халық санағы жүреді. Бұл жолы ел тұрғындарын түгендеу компьютерлендірілмек.


Ел тұрғындары тұтас тексеруден өтеді

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов Парламент Мәжілісінде айтты.

«Оның негізгі жаңашылдығы - компьютерлендіру болмақ. Ол үшін интернет-портал жасау көзделген. Тұрғындардың қалағаны өзі туралы мәліметті сол арқылы жолдай алады. Оған қоса қолында планшеты бар санақ жүргізетін адамдар да болады. Олардың планшетке енгізген мәліметтері бірден өңделіп, орталық базаға түседі. Бұл біріншіден жылдам. Әрі ақпарат берушнің ЖСН-і сәйкестігі мен ондай азаматтың бар-жоғы тексеріледі. Егер мәліметтің дені үлесіп жатса, бұл интервьюерлердің жұмысын жеңілдетеді әрі ақпараттарды өңдеу жылдамдығын арттырады", - деді Руслан Дәленов.

Алдағы санақ кезінде интернетке қолы жетпеген немесе ақпарат бергісі келмейтін азаматтардың үйін аралау шаралары да жүргізіледі.