2022 жылы автокөлік ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАЙДЫ! Неге?

0
3 530

Көлік бағасы не себепті көтеріліп жатыр?


2022 жылы автокөлік ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАЙДЫ! Неге?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың басында автоиндустрия саласында жүрген көптеген мамандар көлікке қажетті микрочиптердің жетіспеушілігі туралы алғаш рет айтқан болатын. Ал, бұл тапшылық көлік бағасының көтерілуіне бірден бір себеп болған. Себебі, қазіргі көліктердің көпшілігі осы микрочиптер арқылы жұмыс істейді. Осы орайда мамандар бұл мәселенің шешімін тауып, микрочипсіз көлік шығаруға кіріскен еді. Және мақсаттарына жетті де. Алайда, автомобиль бағасы келер жылдың екінші жартысында ғана тұрақтамақ. Оған дейін баға тағы да өсуі мүмкін.


Микрочип деген не және тапшылық неден пайда болды?

Көптеген көліктердің белсенді жұмыс істетін барлық жүйелері микрочиппен жабдықталады. Ал, бүкіл әлемде орнаған крантин мен өндірістің қайта-қайта тоқтауы сол жабдықтың тапшылығына соқтырып, ол көлік бағасының қымбаттауына негізгі себептердің біріне айналды. Сонымен қатар, бұл қымбатшылыққа жапониядағы «Renesas Electronics» ірі кремний тақталарын өңдеуші зауытындағы өрт, TSMC чиптерін шығаратын ең ірі зауыттардың отаны – Тайваньдағы құрғақшылық, Техастағы «Samsung» зауыттарының тоқтап қалуы сынды жағдайлар да әсер еткен екен. Соның салдарынан көліктерге қажетті жабдықтар қоры жеткіліксіз болып отырған көрінеді. Ал, көптеген сарапшылар бұл дағдарыс жақын арада жойылмайтынын, сондықтан көлік бағасы тағы да қымбаттай түсетінін айтып отыр.


Дағдарыс көрінісі

Мысалы, жоғарыда айтқан дағдарыстан Jaguar Land Rover өндірушілерінің шығыны 302 миллион фунт стерлингке жетіп, сұраныс 11 пайызға төмендепті. Одан бөлек, Lada Niva, XRAY, Largus, Renault Logan, Sandero сынды көліктерді құрастыратын компаниялардың да жұмысы тоқтап тұр. Тіпті, көптеген елдерде Volkswagen Polo сынды сұранысы мол көліктерді іздеп табудың өзі мұң болып тұрған сыңайлы.



Жаңа машиналар қашан қымбаттайды?

Қазірдің өзінде елімізде жаңа болсын, ескі болсын, әйтеуір көлік бағасы күн сайын көтеріліп жатқанын біліп жүрміз. Соның әсерінен көптеген отандасымыз Армения, Ресей елдерінен арзан көлік тасыған еді. Бұл да Қазақстандағы бағаның қымбаттап жатқанына дәлел болып тұрған жоқ па? Әйтпесе, сонша жерге сандалмай-ақ, жақын жерден сатып алушы еді ғой. Дегенмен, мемлекет билігі бұл амалдың да алдын орап, шетелдік көліктерге қойылатын заң талаптарын күшейтті. Бұл жерде халыққа да, билікке де кінә таға алмаймыз. Өйткені, әр тарап өздеріне қажетті әрекетті іске асырып жатыр. Ал, көптеген мамандар көлік құнының қымбаттауы жақын арада тоқтамайтынын және жаңа жылдық мерекеден кейін одан сайын көтерілетінін айтып отыр.


Өндірушілер не дейді?

(Ашық ақпарат көздерінен компания өкілдерінің пікірін де іздеп көрдік.)


Renault компаниясы баспасөз қызметінің өкілі Юрий Лихута: «Көптеген автоөндірушілер кейбір қажетті жабдықтардың жоқтығынан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде 2020 және 2021 жылдары жаңа автомобильдер өндірісіне кері әсерін тигізді. Соның әсерінен нарықта көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Ең оптимистік болжам бойынша, жаңа автомобильдер өндірісінің бұрынғы көлемі 2023-2024 жылдарға қарай қалпына келеді. Бірақ, бәрін уақыт көрсетеді. Біз мұндай дағдарыс болатынын алдын ала болжадық. Дегенмен, өзгерістер кері әсерін тигізді».



Volkswagen компаниясының ресми өкілі Егор Швед: «Автомобиль өнеркәсібі 2022 жылы баяғы қалпына келе алмайды. Сонымен қатар, біз 2023 жылы жалпы әлемдік бизнес модельдері өзгереді деп ойлаймыз. Өйткені, автомобиль өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын алюминий қорытпаларын өндіруге қолданылатын магнийді дайындауда үзілістер болады және оның құны айтарлықтай артады. Бүгінгі күннің өзінде Еуропаға магний жеткізу бағасы көтеріліп, тарихи шыңына жетті. Қазір магнийдің бір тоннасы 9 мың доллардан асады. Автомобильдер мен олардың компоненттерін өндіру бүкіл әлемге кеңінен таралғанын ескерсек, кез-келген жағдай автокөлік нарығына тез әсер етеді. Сондықтан бізді қиындау кезең күтіп тұр деп ойлаймын. Көптеген әріптестеріміздің қоймалары мен өндірісінде өолжетімді көлік саны азайды. Олар ұзақ мерзімді келісімшарт жасасқан тұтынушыларына автокөліктерін уақытылы жеткізе алмай отыр. Осы мәселені шешу үшін көп шығындалуда. Бұл да көлік құнының өсуіне ықпал етеді».


Жалпы, алдағы уақытта көлік өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де көптеген мәселелер туындайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІРКЕЛМЕГЕН ресейлік көліктерді «СОЙЫП САТУҒА» тура келе ме?


ЖҮРГІЗУШІГЕ КЕҢЕС: Қыста мәселеге тап болмас үшін НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?