Әлемнің қысқы шиналар арасындағы үздік ондығы - 2018-2019

0
2 956

Бүгінгі мақаламызда әлемдегі үздік қысқы шиналарға шолу жасаймыз. Атап айтсақ, рейтингке ең үздік, сынақтан сүрінбей өткен қысқы шиналардың үлгілері енгізіліп отыр.


Әлемнің  қысқы шиналар арасындағы үздік ондығы - 2018-2019

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Нақты айтсақ, бұл шолудағы үздік қысқы шиналар бірнеше танымал өндірушілердің ұсынған тауарлары және қолданушылар пікірі бойынша анықталған. Негізі, өткен жылғы нарықтағы жағдай қатты өзгермеген. Себебі, жыл сайынғы көшбасшылар қысқы шиналар рейтингінде өз позицияларын берік ұстауда. Бірақ, өзгерістер де жоқ емес.


1-орын. Біздің қысқы шиналар рейтингін Nokian компаниясы бастайды

Бұл компания қатал, суық климат үшін бейімделген қысқы шиналар өндірушілердің ең танымалы. Себебі, кқопанияның қысқы шиналары әр автомобильдің ерекшеліктерін ескере отырып және әр түрлі ауа райы үшін арнайы жасалған. Сондай-ақ, өнімнің едәуір танымалдылығына қарамастан, бұл бренд туралы теріс пікірлер де бар. Кемшіліктердің бірі – жүру кезінде шулы дауыс шығаруы. Сонымен қатар, тежеугішке қатысты да аздаған шағымдар бар екен. Ал бағасы көпшілікке өте ыңғайлы.

Айта кетейік, Nokian шиналарының арасында Хакапелита


Нордман

деген үлгілері үздік деп бағаланады.


2-орын. Bridgestone шиналары

Бриджстоун қысқы шиналары жапондық компаниядан өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап шығады. Одан бері көлік үлгілері мен өндіріс технологиясы қатты өзгерген. Соған қарамастан, компания компания әлі күнге дейін бірнеше модельді жазғы, бүкіл маусымдық және қысқы шиналардың үздіктерін өндіреді. Солардың арасындағы қысқы шиналардың ең танымал үлгілері – Близак және Айс крузер.

bridgestone blizzak VRX и DM


bridgestone ice cruiser 7000



3-орын. Michelin шиналары

Аталған Франциялық қысқы шина өндіруші компания өнімдері суық климатты бүкіл аумақта өте танымал. Оның себебі, «Мишлен» қысқы шиналарының қатты суық температура үшін арнайы жасаған бірнеше сызықтары болады.

Олардың ішіндегі үздіктері:

michelin x ice 3


Michelin x ice north 3



4-орын. Continental шиналары


Бұл неміс компаниясының өнімдерінің мықтылығы 90-шы жылдары жүргізушілердің жүрегін жаулап алған десек те болады. Олардың өнімдерін танымал етіп және бірте-бірте қысқы шина өндірушілер көшбасшыларының үштігіне кіргізген де сол –берік құрылыс пен төзімділік.

Үздіктері:

ContiVikingContact 6


Continental Icecontact 2



5-орын. Cordiant шиналары

Алдыңғы аталған шина үлгілеріне қарағанда, бұл компанияның қысқы шиналарының бағасы орта санатқа ие. Сондай-ақ, өнімдері көптеген автокөлік иелеріне қол жетімді, сондықтан өнім туралы жақсы пікірлер көп.

Үздіктері:

Cordiant Polar


Cordiant Snow Cross



6 орын.Dunlop шиналары


Аталған компанияның қысқы шиналары алдыңғыларға қарағанда аз танылған. Бірақ, бұл компания еншісінде қалың қарға арналған шиналардың ең керемет үлгілері бар. Олардың шиналары төзімді және бірнеше маусым бойы пайдалануға болады.

Айта кетсек, бұл компания өнімінің ең танымалы – Dunlop sp winter Ice 02 и Dunlop Grandtrek Ice 02 үлгісі


7-орын. Pirelli шиналары

Атап айтсақ, бұл қалың қар басқан жерлерде жарысатындар үшін шина өндіретін әлемдегі жалғыз компания. Pirelli шиналарының үлгілері 270 км/сағ. дейінгі жылдамдыққа дайындалған.

Pirelli қысқы шиналарының үздіктері:

Pirelli Ice Zero


Pirelli Formula Ice



8-орын. Hankook шиналары

Қатаң климаттың әртүрлілігіне бейімделген ең үздік шиналардың бірі осы компаниядан шығады. Бұл брендтің танымалдылығына әсер еткен – жасалу технологиясы мен қол жетімді бағасы.

Ең танымалы Hankook Winter I Pike үлгісі


9-орын. KAMA шиналары


Нақты айтсақ, ресейлік «Нижнекамскшина» зауытынан осы брендпен көптеген жылдар бойы заманауи, сенімді және арзан шиналар өндіріліп келеді.

Ал, оның ішінде ең танымалы Кама евро 519 шиналары:


10-орын. Yokohama шиналары


Бұл компанияның да қысқы шиналары автокөлік иелерінің арасында әжептәуір танымал. Осы брендтегі шина бетіне ассиметриялық суретті қолдану төзімділікке барынша оң әсер береді және жолда жүруге өте ыңғайлы.

Үздік үлгісі – Yokohama Ice Guard IG35 PLUS


Құрметті оқырман, біздің кеңестерімізді оқи жүріңіз және өмірде пайдаланыңыз!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ