Әлемге ӘЙГІЛІ автокөлік мұражайлары - тарихтан тәбәрік

0
3 205

Бұл жерге барғандар ерекше әсер алатыны анық.


Әлемге ӘЙГІЛІ автокөлік мұражайлары - тарихтан тәбәрік

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Автокөліктердің адам өміріне енгеніне жүз жылдан астам уақыт өтті. Тіпті, әлемнің әр бұрышында «темір тұлпарларға» арналған мұражайлар да бар. Ол орындарға барып, автомобиль әлемінің өткенін қызыға тамашалайтын туристер де жоқ емес. Сонымен, ол мұражайлар қайда орналасқан?


Вольфсбургтегі Volkswagen мұражайы

Бұл автомобиль және ғылыми кешеннің залдарында Мюнхендегі BMW Welt мұражайындағыдай аниматорлар жоқ, бірақ іші автокөлік техникасына толы. Кәдімгі экспонаттармен қатар, келушілерге көлік түрлерін құрастыруды үйрететін интерактивті құрылғылар да бар.

Мұражайдан негізінен неміс өндірушілерінің көліктерін көруге болады. Онда тіпті, Фердинанад Поршенің Beetle «қоңыз» көлігі мен 1934 жылы жарық көрген Ауди көлігі қаз қалпында сақталып тұр.


Лос-Анджелестегі Петерсон мұражайы (АҚШ, Калифорния Штаты)

Мұндағы экспозициялар бұрынғы стильде жабдықталған әмбебап дүкен секілді бөлмеде орналасқан. Барлығы 200 тарихи автокөлік кең шатырдың астына жинақталған және олардың ішінде әйгілі фильмдерде түсірілген көліктер мен атақты адамдардың жеке көліктері бар. Сонымен қатар, келушілер род Стюарттың Ferrari-ін, Грета Гарбо мен Кларк Гейблдің Duesenberg-ін, Batmobile және басқа да жақсы сақталған экспонаттарды көре алады.


Штутгарттағы Мерседес-Бенц мұражайы

Әлемге белгілі неміс брендінің мұражайында әртүрлі автокөлік маркаларының ең мықты өкілдері бар. Сонымен қатар, сіз экспонаттардың ішінен 11 миллион АҚШ долларына бағаланып қойылған, 1936 жылы шығарылған бес жүз мыңыншы Rodster көлігін таба аласыз. Сондай-ақ, экспонаттардың арасынан 1950 жылғы 300 SL Gullwing спорт көлігін, 1939 жылғы «күміс жебе», атақты Даймлердің 19 ғасырдың 88-ші жылы жарық көрген "аяқсыз вагонын" және "папамобиль" көліктерін көре аласыз.


Кентукки Боулинг-Гринештаттағы Corvette мұражайы

Chevrolet Corvette автомобильдері АҚШ-та 1953 жылдан бастап шығарылып, 1981 жылы әлемдік нарыққа серия болып шығарыла бастаған. Ал, осы көлік үлгісінің құрметіне құрылған мұражайдың төбесінде 1982 жылы шыққан хэтчбектер коллекциясы, ешқашан нарыққа шықпаған үлгілер және көптеген сирек кездесетін көлік түрлері бар. Сондай-ақ, Corvette Ұлттық мұражайында кез келген адам экипаж мүшесіне айналып, атақты көлікке жанармай құйып немесе доңғалағының резиналарын ауыстыруға мүмкіндік ала алады.


Токиодағы Toyota Mega Web мұражай кешені

Жапондар жұл бірыңғай кешенді ғылыми-тарихи мұражай, әрі ойын-сауық саябағы, әрі көрме етіп жасаған. Бұл мұражайдағы экспонатарды айдап көруге, адам сенгісіз жаңа технологиялармен танысуға және автотехника жинағын көруге болады. Сондай-ақ, онда 1968 жылғы Honda Super Cub скутереттасы және VW microbus концептуалды көліктерінің түр-түрі қойылған. Одан бөлек, мұражай коллекциясында 1977 жылы Formula-1-де жүргізуші шабандоз Андретти басқарған Ford Lotos, жылтыратылған күмістен жасалған DeLorean және ақ кабриолет Eldorado бар.


Дирфилд ауылындағы Генри Форд мұражайы

Дүниежүзіндегі ең танымал автокөлік өндірушісі Генри Форд атындағы мұражай 5 гектар аумақты алып жатыр. Онда тарихи және эволюциялық маңызы бар автомобиль техникасының жүздеген даналары экспозиция болып тұр. Сонымен бірге, мұражайдан Джон Кеннедидің Линкольн лимузинін және ол көліктің сұранысын «өлтірген» Такердің 1948 жылғы бірнеше седандарын, Оскар Майер. Виенермобиль, Эдсель және басқа да көліктерді көре аласыз. Тағы бір айта кетерлігі – Форд мұражайында авиация мен басқа механикалық құрылғыларға арналған жеке аймақ бар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Барлық жүргізуші ЖАЗДА мына ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтауы керек


Көлік қозғалтқышын ЖУУҒА БОЛА МА?