АЛТЫ ДОҢҒАЛАҚТЫ автокөліктің қандай АРТЫҚШЫЛЫҒЫ бар?

0
3 042

Грек королінің тапсырыс берген көлігін сатып алуға шамасы жетпей қалған.


АЛТЫ ДОҢҒАЛАҚТЫ автокөліктің қандай АРТЫҚШЫЛЫҒЫ бар?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары әртүрлі автоөндірушілер алты дөңгелекті монстр-пикаптарды жасау саласына аздап көңіл бөле бастады. Алдымен алты дөңгелекті "Гелик" шықты, содан кейін Ford, Chevrolet, Land Rover және т.б. соған ұқсас жобалар пайда болды.

Дегенмен, автокөлік тарихында бұлардан бұрын да осындай көліктер болған. Мысалы, Covini C6W және Panther 6 сияқты алты доңғалағы бар көліктер өндіріліп, тіпті кейбіреулері киноға түсірілген екен. Сонымен бүгінгі тақырыбымызға айналған көлік түрлерінің бірқатарымен таныс болайық.


Ford Seattle-ite XXI

1960 жылдары адамзат ғарышты игере бастап, бүкіл әлем ғарыштық рейстерді армандады. Ал,бұл қиял автокөлік өндірісіне де әсер етіп, 1962 Сиэтл компаниясы 6 дөңгелекті көлік жасап шығады. Алекс есімді атақты дизайнерлің ең ерекше туындысы басқарылатын төрт доңғалақпен жабдықталған. Сондай-ақ, бұл көлікті «көлік автоматты өзін-өзі диагностикалау жүйесімен, компьютерлік навигация және ауыспалы отын ұяшықтары бар атом электр станциясымен жабдықталған» - деп жарнамалаған. Өкінішке қарай, мұның бәрі жұмыс істемеген. Тек маркетинг үшін қолданған.


Hustler 6

«Бұл машина неліктен тым қарапайым болып көрінеді?» деген сұраққа жауап табу оп-оңай. Өйткені, оны әрдайым тартымсыз көліктер ойлап табатын Уильям Таунс есімді дизайнер жасаған. Бұл көлікті сипаттаудың да керегі жоқ шығар. Бәрі тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Ал, артқы дөңгелектерінің алтау болуы жүк көтеру қабілеті үшін жасалған шығар. Бір таңқаларлығы – Хустлердің көптеген нұсқалары болған, тіпті шартты түрде сериялық өндіріске ұласқан. Себебі, Таунс жеке сұраныс бойынша тұтынушыларға автомобильді өздігінен құрастыруға арналған жиынтықтарды жіберіп отырған. Осылайша 500-ден астам түрін сатқан.



Renault 5 6x6

Француз өндірушілерінің көлік мәзірінде бірнеше үш осьті жол талғамайтын көліктер бар. Олардың ішінде Range Rover, тіпті Геленвагенге ұқсас көліктер де болып, оларды 1980 жылдары араб тұтынушыларына сатқан. Мысалы, біздің тізімге енген Renault 5 көлігі қосымша дөңгелектерімен ғана емес, екінші қозғалтқышымен де ерекшеленген. Соның арқасында ол толық жетекті көлікке айналған. Яғни бір қозғалтқыш алдыңғы екі дөңгелекті, екіншісі артқы төрт дөңгелекті айналдырған. Осынау таңғажайып дизайнды құрастырған Кристиан де Леотар тіпті 1980 жылғы "Париж-Дакар" раллиіне шыққан. 320 ат күші бар қозғалтқышпен жабдықталған көліктің салмағы бір тоннадан сәл ғана ауыр болған. Дегенмен, мол сұранысқа ие болған көлік бүгінгі күнге дейін жете қойған жоқ.


Sbarro Cadillac Function Car

Жарты ғасыр бұрын пайда болған бұл көлік кең әрі жайлы, қысқаша айтқанда, элиталық көліктің бірі болған. Нәтижесінде Сауд Арабиясының бай кәсіпкерлерінің бірі швейцариялық Франко Сбарроның өніміне қызығып, Sbarro компаниясы Sbarro Function атты автокөлікті шығарды.

Бұл көліктің ұзындығы 7,1 метрге дейін созылып, доңғалақтарының саны алтыға дейін жеткен. Артқы салоны кеңсе секілді кең болып, оның ішіне жұмсақ креслолар, екі телефон, теледидар, жиналмалы үстелдер мен тоңазытқыш орнатылған.

Салмағы үш тоннадан асатын көлік 3540 ат күші бар, көлемі 8,2 литрдің құрайтын V8 Cadillac қозғалтқышымен жабдықталған.



Hispano-Suiza H6A Victoria Town Car

Ал, Денвердегі көлік мұражайында тұрған мына көлік туралы ақпарат өте аз. Өйткені, сән-салтанат, байлық пен дамудан хабар беретін бұл Hispano-Suiza H6 соғысқа дейінгі жылдары жарық көрген.


Бұл көлікке грек королі Джордж II тапсырыс беріп, бірақ жұмыс аяқталған кезде ол тақтан кетіп қалғасын көлік ақысын төлей алмаған деген ақпарат бар.

Кейіннен Голливуд режиссері Дэвид Гриффит бірегей көлікті 35 мың долларға сатып алған. Автомобиль 1933 жылғы "My Lips Betray" фильміне түсірілген.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КЕРЕК КЕҢЕС: Қозғалтқыш пен беріліс қорабы ҰЗАҚ ҚЫЗМЕТ ЕТСІН десеңіз...


Қандай көліктер ҚҰНЫН ЖОҒАЛТПАЙДЫ?