Автокөлік әлеміндегі ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер

0
9 753

Бұл ақпараттар Сізді таңқалдырады!


Автокөлік әлеміндегі ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Дүниежүзіндегі көліктердің саны қанша?

2016 жылы жасалған статистикалық деректерге сәйкес, жер бетіндегі көліктердің саны 1 миллиардтан асқан және 2018 жылы 1,2 миллиардқа жеткен. Көлік санының бұлай өсуіне Қытай, АҚШ сияқты елдердегі жаңа автомобильдердің сатылымы әсер етіп жатыр екен. Енді, 2050 жылға қарай жер бетінде 2,5 млрд. автокөлік болады деп күтілуде.


Әлемде күн сайын қанша көлік өндіріледі?

Халықаралық автокөлік өндірушілер қауымдастығының (OICA) мәліметтеріне сәйкес, әлемде күн сайын 165 мыңға жуық автокөлік өндіріледі екен. «Ал, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге артады», - дейді мамандар.


Неге жаңа автокөліктен ерекше иіс шығады?

Сіз қалай ойлайсыз, жаңа көлік салонының ауасында қанша заттың иісі бар? Оны ешкім де білмейді. Кейбір деректер бойынша, жаңа автокөлік салонындағы ауада кем дегенде 50-ге жуық органикалық химиялық қосылыстар болады екен. Өйткені,салон пластик, желім, герметик, резеңке сияқты заттармен жабдықталады.Сонымен қатар, көлік салонынан сезілетін ерекше иіс есіктер мен орындықтардың қаптамасынан шығады екен.


Автокөлік қанша бөлшектен құралады?

Заманауи көліктер орташа есеппен алғанда 30.000 бөліктен құралады екен.


Көлік ұшатын болса, Айға қанша уақытта жетуге болады?

Өкінішке орай, ғарыш өлшемі бойынша әлемдегі ең жылдам көліктің өзі «тасбақаға» тең болып қалады. Өйткені, автокөлік авиатехниканың жылдамдығына ие бола алмайды. Ал, теориялық тұрғыдан алғанда, ең жылдам көлік Айға 6 айда жете алады екен.


Түрмедегі Гитлер «Мерседес» компаниясына қандай хат жазған?

Бұл дәлелді ақпарат! Гитлер түрмеде отырған кездің өзінде «Мерседес» компаниясына жаңа автомобил сатып алу үшін несие беру туралы өтініш хат жіберген.


Kішкентай көлікке қанша адам сыяды?

Суреттегі өте кішкентай автокөлікке 19 қыз сыйып кеткен.


Қазіргі уақытта әлемде қанша Rolls-Royce көлігі бар?

Өкінішке орай, «Rolls-Royce» компаниясы мұндай ақпаратты ешкімге, ешқашан жарияламайды. Бірақ компанияның бүкіл тарихында өндірілген көліктердің 75%-ға жуығы әлі күнге дейін пайдаланылатыны белгілі болды.


Америкалықтар кептелісте қанша уақыт өткізеді?

Біз еліміздің ірі қалаларындағы көлік кептелісін әңгіме етеміз, әсіресе Алматыны. Бірақ кептелісте тұру уақыты бойынша антирекорд АҚШ тұрғындарына ие екен. Ондағы әрбір адам орташа есеппен жылына 38 сағатын кептелісте өткізеді.


Ең бірінші автокөлік апаты қайда болды?

Әрине, мұндай апаттардың пайда болуына көліктердің көбеюі себеп болған. Ал, ең алғашқы көлік апаты АҚШ-тағы Огайо штатында 1891 жылы орын алған.


Жол апаттарынан жиі зардап шегетіндер кімдер?

Жақында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, жол апттарынан зардап шегетіндердің басым бөлігі 35 жасқа дейінгі адамдар екен.


Қай жерде адамдардан көлік көп екенін білесіз бе?

Сіз білесіз бе, АҚШ-тағы Лос-Анджелес қаласының тұрғындарынан көшедегі көліктерінің саны көп екен!


Әлемдегі ең көп жол жүрген көлік

2014 жылы Ирвин Гордон өзінің 1966 Volvo 1800S атты көлігімен 4 млн. 890 мың 992 шақырым жол жүріп, әлемдік рекорд орнатқан. Ал, одан кейін мұндай көрсеткішке ешкім жете алмаған.


Қауіпсіздік белдігін кім ойлап тапты?

Бұл қауіпсіздік белдігі пайда болған сәттен бастап әлемдегі миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған. Ал, белдікті алғаш рет Вольво компаниясы ойлап тапқан және өнертабысын барлық өзге компаниялардың тегін пайдалануына рұқсат берген. Міне, сол өнертабыс қазір дүниежүзі бойынша минут сайын кем дегенде 6 адамның өмірін құтқарады екен.


Әлем бойынша жыл сайын қанша адам апатқа ұшырайды?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша жыл сайын бүкіл әлемдегі апаттардың салдарынан шамамен 1,25 миллион адам қаза болады. Бірақ, бұл қайғылы оқиғалардың азайғаны екен. Сондай-ақ, ұйымның болжамы бойынша 2030 жылға қарай жол апаты 2 есеге азаюы тиіс.


Оңтүстік Африканың қызықты заңы

ОАР елдерінің тұрғындары өз көлігіне от шығаратын «огномет» орнатуға құқылы екен.


Ең кішкентай автокөлік

Бұл нақты нөмір белгісі бар, 40 км/сағ. Дейінгі жылдамдықпен жүре алатын көлік және оны АҚШ-тағы Аризона штатында айдай беруге болады.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАУІПТІ! Жаздың ыстығында мына заттарды көлікте қалдыруға БОЛМАЙДЫ!


Көлікті АС СОДАСЫ және ТІС ПАСТАСЫМЕН тазалауға болады