Автокөлікке арналған магнитофонды ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?

0
3 861


Автокөлікке арналған магнитофонды ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?

Заманауи көліктерді аудиожүйесіз елестету қиын. Себебі, көлік құралдарының басым бөлігі зауытта құрастырылған кезде де автомобиль магнитофондарымен жабдықталады. Бірақ, көлігіңізде ол құрылғы болмаса немесе ұнамаса басқасын сатып алу қажет болатынын белгілі. Жалпы, аудиожүйе кептелісте тұрғанда, ұзақ сапарға шыққанда өте пайдалы. Дегенмен, оны таңдау кезінде мәселе туындайтынын жоққа шығаруға болмайды және көптеген жүргізушілер дәл осы тұрғыда қандай таңдау жасау керектігін біле бермейді. Сондықтан, бүгінгі мақаланы осы тақырыпқа арнап отырмыз.


Сонымен автомагнитолды қалай таңдау қажет?

Автомагнитолды ең алдымен жалпы электр жабдықтарының параметрлеріне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.


• Стандартты өлшем. Екі нұсқа бар: 1 DIN — 50 мм және 2 DIN — 100 мм. Бұл екеуінің үлкені қымбатырақ болады. Себебі, оның басқару тетіктері үлкен, дисплейі кеңдеу келеді. Дегенмен, екеуінің де ені 180 мм болады.


• Дыбыстың максималды қуаты. Өндірушілер бұл көрсеткішті де түрліше жасайды. Мәселен, арзан магнитофондардың дыбыс қуаты 35 Вт-тан аспайды. Әрине, музыка тыңдай аласыз, бірақ дыбыс соншалықты қатты шықпайды. Ал, қуаты 60 ваттан асатын құрылғылар сатылымда аз және бағасы қымбат.


• Дисплей түрі. Сегменттік дисплей басқаларға қарағанда арзанырақ және маңызды ақпаратты аз көрсетеді. Ал, сұйық кристалды немесе TFT форматындағы экрандар көптеген мәлімет ұсынады, тіпті навигатор орнатуға болады.


• Смартфонды қолдау. Android жүйесімен жабдықталған магнитофондар ақпаратты тасымалдауға және оқуға мүмкіндік беретін ыңғайлы функциямен жабдықталған. USB коннекторы арқылы қосуға да болады. Тіпті, кейбір түрлері iPhone-мен де жұмыс істей алады.


• Қосқыштар саны. Яғни, сіз таңдаған құрылғыда қосқыш саны көп болса, музыкалық композициялар жүктелген флэш-дискілер, жад карталары, құлаққап, навигатор және т.б. сапалы құрылғыларды қоса аласыз.



Енді қазіргі уақыттағы бағасы мен сапасы сай ең үздік үш магнитофонды ұсынамыз

1. Alpine CDE – 203BT


Рейтінгі 4,9. Сапасына – 5, сенімділігіне – 4,8, функционалдылығына – 5 және сатып алушылардың пікірі бойынша – 4,8 деген баға алған.

Alpine CD-203bt – керемет дыбыс пен басқарудың ыңғайлылығын қамтамасыз ететін сапалы әрі функционалды құрылғы. USB порты арқылы қосылған кабельдің көмегімен иесі iPod немесе iPhone-нан сүйікті музыкалық композицияларды тыңдай алады. Бірегей технология музыканың дыбыс сапасын барынша арттырады, тіпті MP3 түріндегі қысылған форматтармен де жақсы жұмыс істей алады. 3,5 мм-лік қосымша AUX порты USB-сақтау құрылғыларын немесе MP3 ойнатқышын қиындықсыз қосуға мүмкіндік береді.


Техникалық сипаттамалары:

  • дыбыс шығару қуаты - 50 Вт;
  • арналар саны - 4;
  • кепілдік берілетін қызмет мерзімі - 1 жыл.

Артықшылықтары:

  • ыңғайлы USB порты;
  • PreAmp;
  • радиостанциялардың жады: FM:18, SV: 6, DV: 6;
  • жадқа автоматты түрде енгізу функциясы;
  • CD ойнатқышы.



2. Prology MPC-100


Бұл жабдықтың жалпы рейтінгі – 4,8 баллды құрайды. Әмбебап құрылғы Android 9.0 операциялық жүйесі, навигатор, 4G және Wi-Fi-ға қосылу мүмкіндігіне ие. Құрылғы радиостанцияларды белгілі бір диапазондарда ұстай алады. Қосымша жад карталарын, ұялы телефонды Bluetooth арқылы қосып, іуен ойнатқышты басқаруға болады. Дыбысы күшті және аудио параметрлері көп. Пернелер бірнеше түстермен жарықтандырылған. Қажетті қосымшаларды Google Play Market-тен тікелей жүктеуге болады. Жұмыс температурасының диапазоны -10-нан +60 °С-қа дейін.

Техникалық сипаттамалары:

  • экранның ажыратымдылығы - 1024 x 600 pix;
  • ойнатылатын жиілік диапазоны 15 – 20000 Гц ;
  • қуат тұтынуы - 100 Вт.

Артықшылықтары:

  • дауыстық командалар;
  • экранды түрту және рульдегі түймелер арқылы басқару;
  • кең экран.



3. Pioneer DMH-Z5350BT

Аталған магнитофонның рейтингі 4.7 баллды құрайды. Сенсорлық экраны бар 2-DIN өлшемді ойнатқыш көптеген жылдар бойы сіздің «адал досыңыз» бола алады. Смартфонға тез қосылады, көптеген қосымшалармен үйлесімді жұмыс істейді (бірдей WebLink, Android Auto, Apple CarPlay, Waze). 13 жолақты графикалық эквалайзері, қосымша аудио ойнату мүмкіндіктері және премиум дыбысы бар. IPhone-мен үйлесімді. Дауыспен басқару функциясы бар. JPEG , Mpeg2, DivX, Full HD ажыратымдылығы бар бейне файлдарды оқи алады. Apple CarPlay мен Android Auto-ны қолдайды.

Техникалық сипаттамалары:

  • экран диагоналы - 6,8 дюйм;
  • жоғары вольтты шығыс – 4В;
  • RCA шығысы - 3.

Артықшылықтары:

  • көлік камераларын қосуға мүмкіндік береді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлік аккумуляторы қысқа дайын ба? Оны ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?


Автокөлік туралы СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер