Барлық жүргізуші ЖАЗДА мына ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтауы керек

0
3 054

Аптап ыстықта зиян шекпес үшін осы ережелерді естен шығармаңыз.


Барлық жүргізуші ЖАЗДА мына ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтауы керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жаз мезгілі – адамдар үшін ғана емес, автокөлік үшін де керемет уақыт. Салонды жылыту, жолда сырғанап кету немесе майдың тоңазып, аккумулятордың суықтан істемей қалуы жайлы ойлаудың да керегі жоқ. Бұл кез келген жүргізушіге қуаныш сыйлайды ғой! Дегенмен, іс жүзінде жаздың да өзіндік мәселелері бар. Атап айтсақ, жазда көлік иесі нені ұмытпауы керек?


1. Жазда көптеген адам демалысқа шығып, саяхаттайтынын білеміз. Олардың көпшілігі өз көлігімен ұзақ сапарларға жол тартады. Сондықтан, алыс жолға шығардан бұрын көліктің барлық бөлшектерін, электр желісін, негізгі тораптары мен агрегаттарын толықтай тексеруді ұмытпаған жөн. Әйтпесе, көлігіңізден ақау пайда болып, демалысты бұзып қана қоймай, шығынға ұшыратуы әбден мүмкін. Иен далада жолда қалып кетіп жөндегеннен, алдын ала бәрін дұрыстап қойған әлдеқайда тиімді.


2. Көлік корпусын сақтаңыз. Нақтырақ айтсақ, аптап ыстықта көлікті ағаштың көлеңкесіне қойғанда көлік шанағына кетуі қиын дақтар тамшылайды. Ол барлық дерлік ағаштардан бөлінеді де, сары ісз болып қалады. Сол себепті көлік кузовын қорғайтын құрылғыларды қолданғаныңыз абзал.


3. Қозғалтқыштың еркін дем алуына мүмкіндік жасаңыз. Яғни, радиаторды тазалап, ауаны еркін айналуын қамтамасыз етіңіз де, қозғалтқыштың қызып кету қаупінен сақтаныңыз. Қолыңыз епті болса, өзіңіз де тазалап аласыз. Бірақ, кәсіби мамандардың қызметін қолданған дұрысырақ.


4. Желдету жүйесін мұқият тексеріңіз. Жазда жүргізушілер көбіне желдеткіш не салқындатқыш қосып жүреді. Сол себепті кондиционердегі ауа жолының, желдету жүйесіндегі ауа өткізгіш сүзгілердің тазалығын тексеру қажет. Бұл денсаулыққа зиян тимес үшін қажетті шара. Ал, жүие істен шықпас үшін барлық бөлігін тексеріп шығу артық болмайды.

5. Доңғалақтардағы ауа қысымы. Жаздың ыстық ауарайында резеңке шинаны күн мен асфальттің ыстығы қатты қыздырып, ішіндегі ауа қысымы артады. Нәтижесінде доңғалақ пен жолдың байланысы нашарлап немесе шина жарылып кетіп, апатқа ұшырауы мүмкін.


6. Аязға төзімді шыны жуғыш сұйықтықты жәндіктердің ізін кетіретін арнайы қоспалары бар сұйықтыққа ауыстырыңыз. Өйткені, жаздың күні жарыққа ұмтылған шыбын-шіркей көлік әйнегіне жабысып жатады.


7. Ешқашан үйдегі абразивті қасиеттері бар химиялық тазалағыштармен көлік кузовындағы жәндіктердің ізін сүртпеңіз. Себебі, ол әркетіңізбен бояу қабатын бүлдіріп, сызаттар мен ақшыл іздер қалып кетуі мүмкін. Дұрысы – арнайы сұйықтықты қолдану.


8. Күнге қарсы перделер қолдануды ұмытпаңыз. Тым болмаса жылтыр материалды панельді алдыңғы және артқы әйнекке пайдаланыңыз. Соның арқасында көлеңкесі жоқ жерде тұрып-ақ, салонның қызып кетуін тежей аласыз.


9. Қозғалтқыштың салқындату және тежегіш жүйесіндегі сұйықтық деңгейін тексеріңіз. Әсіресе, тежегіш жүйесіндегі электродтардың тозбағанына және кедергісіз жұмыс істейтініне көз жеткізу қажет.


10. Көліктің астына түсіп, амортизаторлардың майы ағып жатпағанын тексеріңіз. Өйткені олар жеткілікті сұйықтықсыз жұмыс істемейді. Ал, жұмыс істемейтін амортизатор көліктің жолда жүру сапасын төмендетеді.

Ең бастысы – бұл операциялардың барлығын жеке-жеке, бүге-шүгесіне дейін орындау қажет. Ал, үй жағдайында ондай мүмкіндік болмаса, мамандарға жүгінуден тартынбаңыз. Олар қызметіне ақы алатын шығар, есесіне жолда жүру сенімді әрі қауіпсіз болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Бұл ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН көрсеңіз КҮЛКІҢІЗ КЕЛЕДІ


Жүргізушілердің ЫМДАП сөйлесетін өз "ТІЛІ" бар