​«Біртүрлі» көліктер

0
5 468

Ғалымдар мен өнертапқыштардың қарқынды ізденісінің арқасында ғылым мен жаңа технологиялар қарыштап дамуда. Жаңашылдық пен даму көлік кұралдары саласында да айқын байқалады. Солардың бір көрінісі — бүгінгі электромобильдер, өздігінен басқарылатын көліктер, ақылды көліктер, тағысын тағылар. Олардың әрқайсысы өзіне тән ерекшелік пен артықшылыққа ие.


​«Біртүрлі» көліктер

Ғалымдар мен өнертапқыштардың қарқынды ізденісінің арқасында ғылым мен жаңа технологиялар қарыштап дамуда. Жаңашылдық пен даму көлік кұралдары саласында да айқын байқалады. Солардың бір көрінісі — бүгінгі электромобильдер, өздігінен басқарылатын көліктер, ақылды көліктер, тағысын тағылар. Олардың әрқайсысы өзіне тән ерекшелік пен артықшылыққа ие.

фото: nowodays.ru

Заманауи көлік өндірісіндегі айрықша жетістіктердің бірі — электромобильдердің шығарылуы. Мұндай көліктер әдеттегідей жанармай не газбен емес, электр қуатының көмегімен қозғалады. Электромобильдерді ойлап табудағы негізгі мақсат — ғаламшарымыздың экологиясы мен тазалығы болатын. Жанармай түтінімен уланып, жыл сайын бұзылып бара жатқан Жер экологиясын жөнге келтіруге электромобильдің септігі тиері сөзсіз.

фото: fishki.net

Ғылыми зертханалардағы «гибридтеу» процесі тірі организмдер сатысынан өтіп, жансыз темірлер технологиясына да жетті. Оның дәлелі — PodRide аталатын автокөлік пен белесебет гибриді. Өнертабыс авторы — швед азаматы Микаэл Кьеллман. Ол өз туындысына «экологиялық және үнемді веолмобиль» деген ат беріпті. Бастапқыда ол көлікті тек өзі үшін жасаған екен. Сондықтан, күнделікті жұмысына барып-келуге ыңғайлы әрі шығыны аз көлік жасауды мақсат тұтады. Кейінірек жаңа веломобильге қызығушылық танытқандар саны артып, өнертапқыш оның өндірісімен айналысуды жоспарлауда.

фото: mt.com

Қала ішіндегі қозғалыс үшін мотоциклді таңдаушылар саны артып келеді. Олардың біршамасының бүгінгі арманы — UNO мотоциклі. Оған себеп — көліктің ыңғайлылығын арттыра түскен жалғыз ғана дөңгелегі.

фото: autoblog.com

Доңғалақ санын біреуге қысқартып жатқандар қатарында Campagna T-Rex автокөлігі де бар. Алғаш 1996 жылы Канадада жасалған көлік уақыт өткен сайын жаңартылып, жетілдіріліп келеді. Campagna T-Rex бірнеше елде сатылып, өолданысқа түсуде. Кей елдерде ол спорттық автокөлік саналады. Алайда, дөңгелектер саны төртке жетпегендіктен, оны автокөлік қатарына қоспай, мотоцикл деп қараушылар да бар екен.

фото: carstyling.ru

«Әлемдегі ең кішкентай автомобиль» — осындай атақпен аты шыққан көлік британдық инженер Перри Уоткинстің туындысы. Инженер ең кішкентай көліктер жасауды хоббиіне айналдырғандай. Соңғы жасағаны — Уинд Ап. Көліктің биіктігі 104 сантиметр, ал ені 66*129 сантиметр.

фото: vilingstore.net

Құрлықта да, суда да өмір сүретін тіршілік иелерін «қосмекенділер» деген топқа жатқызамыз. Ал, құрғақта да, суда да жүре беретін немесе жүзе беретін көліктерді қалай атауға болады? Қосмекенді көліктер?

Дұрыс бір атау ойлап табу керек, өйткені, мұндай көліктердің бүгінде бірнеше түрі бар және олардың саны арта түсері анық.

Дайындаған - А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ