Бұларды көліктен "түсіріп" тастай көрмеңіз

0
2 818

Негізінде жүргізушілер әрқашан өзімен бірге алып жүруі керек нәрселер және тек ұзақ сапарларда ғана (жүксалғышқа артық жүк салмау үшін) керек болатын құралдар бар.


Бұларды көліктен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл жайлы кейбір автокөлік иелері білетін болса, кейбірі көлікке қажетсіз заттарды да тиеп алып жатады. Ал артық жүк ұзақ сапардың жайлылығын айтарлықтай төмендетіп, көлік құралының салмағының артуынан отын шығынын көбейтеді. Сондықтан өзіңізбен бірге қажетсіз заттарды алып жүрудің қажеті жоқ, бұл жайлы тәжірибелі жүргізушілерден де сұрасаңыз болады. Сондай-ақ, негізгі мәселелер қыс мезгілінде көп туындайды. Сол себепті, бүгін біз қысқы уақытта автокөліктегі қауіпсіздік пен сақтандыру дәрежесі жақсы болуына қажетті заттар жайында айтамыз.


Қыста қаланың ішінде керек болатын құралдар

Бұл туралы мыңдаған кеңестер бар. Негізі қала ішінде жүрген кезде Сізге көлік құралдарының кейбіреулері ғана қажет болады. Өйткені, қазіргі кезде қала көшелері қардан жақсылап тазаланады, тіпті «асты төмен» көліктер де кедергісіз жүре алады. Сондықтан, Сізге қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қажет болған жағдайда апатқа ұшыраған басқа жүргізушілерге көмек көрсетуге арналған қосымша құралдардың шағын жиынтығы жеткілікті. Сонымен қатар, қысқы мезгілде алып жүруге міндетті заттар арасынан мынандай қауіпсіздік құралдарын атап өту керек:

сүйреуге арналған арқан (трос) – егер Сіз эвакуатор шақыруға тура келетін жағдайға тап болсаңыз немесе оны шақыруға қаражатыңыз болмай тұрса осы зат мәселені шешуге көмектеседі. Яғни, басқа көлік жүргізушісінен көлігіңізді сүйреуін сұрайсыз;

• негізгі құрал-саймандар жиынтығы – бұрағыштар, тістеуіштер, түрлі өлшемді кілттер және доңғалақ кілті, сондай-ақ бірнеше таспалы қамыттар, изолента және сіздің қалауыңыз бойынша өзге де құралдар;

апаттық тоқтау белгісі – қыста бұл зат аса қажетті, өйткені жағдай әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, көлік аккумуляторы дұрыс жұмыс істемей тұрса, сіз осы белгіні қойып, өзге жүргізушілерге жолда тұрғаныңыз туралы ескерту жасай аласыз;

автокөлікті басқа көліктің аккумуляторына қосуға арналған сымдар, көбінесе бұл тек қыс мезгілінде ғана қажет, бірақ оларды өзіңізбен бірге әрдайым алып жүру зиян тигізбейді;

әйнек жуғыш сұйықтығының қоры – бұл 1 литр көлемді бөтелкеде болса жетеді;

жұмсақ түгі бар көліктегі қарды тазалауға арналған щетка, сондай-ақ көлік әйнектерінен мұз қабығын алуға арналған қырғыш.


Осы барлық құралдардың болуы Сіздің қысқы уақытта қала ішінде жол жүруіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бастысы – осы құралдар жиынтығы қыс бойы көмектеседі деп ойлау керек. Сондай-ақ, автокөлігіңіз қыста ең үлкен жүкті сезінетінін ұмытпаңыз. Сондықтан, салқындатқыш сұйықтықтың деңгейіне және қозғалтқыштағы майдың жеткілікті деңгейі мен қалыпты жағдайына көңіл бөліп тұру керек. Бұл кеңесті ұмытуға болмайды!


Ұзақ жолға шыққанда қажет болатын құралдар

Қыста ұзақ жолға шығу көптеген қиындықтар тудырады. Мұндайда сізді қауіпті тосынсыйлар күтіп тұруы мүмкін, олар сапардың қауіпсіздігін төмендетеді. Сонымен қатар, трассада сізге көмектесетін басқа жүргізушілердің болмауы да мүмкін екенін ұмытпаңыз. Сондықтан, жағымсыз жағдайларға тап болмау үшін көлікті алдын ала ұзақ сапарға дайындау керек. Қыста ұзақ сапарға шыққанда, осындай маңызды заттардың болуын қарастыру керек:

• көлік кептеліп қалатын қар үйіндісін бұзуға арналған күрек, сондай-ақ бұл құрал жолда қиын жағдайларға тап болған басқа жүргізушілерге де көмегін тигізеді;

жамылғы – түнгі уақытта трассада күтпеген тоқтап қалған жағдайда Сізді жылытатын зат болуы керек, сондай-ақ пледке ыстық шай немесе кофе бар термос қосуға болады;

отын, сіріңке және қағаз – кейде ұзақ жолда қалып қойған жағдайда жылыну немесе тамақ дайындау үшін от жағу керек болады, сондықтан бұл заттардың болуын қарастырған дұрыс;

• өзіңізбен бірге тамақ пен судың жеткілікті қорын алған пайдалы, бірақ бұл сіз шығатын сапардың ұзақ-жақындығына байланысты;

карта немесе GPS-навигатор – бұл баратын жеріңізге тура апаруға көмектеседі;

• ұзақ сапарға шыққанда қосалқы аккумулятор кедергі келтірмейді, себеі трассада отырған аккумулятор жүргізуші үшін өте жағымсыз мәселе болады.

Сондықтан, қиын жағдайлардан құтылып кету үшін алдын ала жолға дайындалу әлдеқайда жақсы әрі пайдасы зор. Әрине, бәрі де Сіз жүретін трассаның жағдайына байланысты.


Жол талғамайтын көлікте не болуы керек?

Егер сіз сапарға жол талғамайтын көлікпен шығатын болсаңыз, осындай заттарды бірге алғаныңыз жөн:

• көлікті қалпына келтіру, доңғалақтарды ауыстыру және жолсыз жерлерде қажет болуы мүмкін басқа да маңызды құралдар жиынтығы;

• қуатты арқан (трос), шығыр, бірнеше мықты күрек, сондай-ақ апатқа ұшыраған басқа жүргізушілерге көмек көрсетуге арналған тиімді құралдар;

телефон – бұл кез-келген жағдайдың орын алуы мүмкін болатын қарлы алқаптар мен ормандардағы саяхаттың қауіпсіздігіне көмектеседі және сізге кедергі келтірмейді;

сырғанауға қарсы тұратын шынжырлар, қар үйіндісінен өз бетімен шығуға және жолсыз жерде сенімді жүруге арналған өзге де маңызды құрылғылар;

• қиын мәселелерді жеңуге, сондай-ақ күрделі жағдайларда әр түрлі сақтандыру құралдары мен бұйымдарды қолдануға көмектесетін сенімді жолсерік.

Қанша жерден жол талғамайтын көлікпен жүргеніңізбен, қыс мезгілінде неше түрлі оқиғалар болуы мүмкін. Сондықтан, тым қатты тәуекелге бара беруге болмайды!


Қыста көлікпен сапарға шығу қызықты, ерекше болуы мүмкін. Дегенмен, қыс жүргізуші үшін қиын мезгіл. Сондықтан, өзіне немесе басқа жүргізушілерге көмектесуге, қиындықтардан өз бетінше шығуға мүмкіндік беретін құрылғыларды пайдалану керек. Көлікті қала ішіне болсын, ұзақ сапарға болсын алдын ала дайындау керек. Сонымен қатар, жүк болатын артық заттардың да бар екенін білген дұрыс.

Осы кеңестерді оқып қана қоймай, өмірде пайдалану сіздер үшін өте маңызды!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Сағатына 500 км-ге жуық жылдамдықпен жүретін көлікті білесіз бе?

Қарда жүретін үздік көліктер топтамасы - 2018-2019