Екі рөлі бар УАЗ-ды НЕ ҮШІН шығарғанын білесіз бе?

0
5 358

Әлемде қанша адам болса, соншама ой бар.


Екі рөлі бар УАЗ-ды НЕ ҮШІН шығарғанын білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз сөз еткелі отырған екі рөлді бірегей көлікті кезінде КСРО өнертапқыштары жасап шығарған. Бірақ, оларға неге мұндай ерекше автомобиль қажет болды деген сұрақ мазалайды? Осы сұрақпен бетпе-бет келгенде көптеген адам екінші рөл көлік басқаруды жаңадан үйренетіндер үшін қарастырылған деп ойлауы мүмкін. Яғни, тәжірибесіз маманның қиын жағдайға ұшырамауы үшін екінші рөлді үйретуші ұстап отырған болуы мүмкін. Алайда, бұл қате болжам. Шын мәнінде, УАЗ-469 деп аталған бұл көлік миналарды іздеу мақсатында шығарылған сапер машинасы болған.


Мина іздеу – тиісті механизмдерді қажет ететін өте қауіпті жұмыс. Егер, бұл уазик үлгісінің сыртқы құрылымына қарасаңыз, автомобильдің алдыңғы жағына бекітілген қосымша қондырғы бірден көзге түседі. Бұл көлік радиаторының торларына бекітілетін және автомобильдің негізгі бөлігінен 1-2 метр қашықтықта орналасқан мина іздегіш жабдық. Ол көлік доңғалақтарының көмегімен қозғалады. Сол арқылы мина іздеушілер жарылғышты тауып, уақытында залалсыздандырып отырған екен.

Саперларға төнетін қауіпті азайтуға көмектесетін индукциялық мина іздегішті басқару үшін екінші рөл қажет болған. Сондықтан УАЗ-469 салонында әрқашан кем дегенде екі адам болған. Олар жүргізуші және миномет орнатуға жауапты штурман, яғни сапер.


Екінші рөлді ұстайтын жүргізуші бірінші рөлдің негізгі қозғалысты реттейтініне қарамастан, мина іздегіштерді дербес түрде басқаратын болған. Сонымен қатар, көлік салонына қосымша тежегіш орнатылып, оны екінші жүргізуші де пайдалана алған.


Әрине, Кеңес Одағы үшін мұндай көлік тек соғыс уақытында қажет болған. Соғыс әрекеттері кезінде УАЗ-469 көбіне әскери көліктердің колоннасын бастап жүрген. Осылайша басқа да ұрыс көліктерінің жасырын жарылғышқа түсу қаупін азайтқан.


Егер жолдарынан мина табылса, сапер жүргізуші бірден тежегішті басып, ал негізгі жүргізуші артқы жүрісті қосып, 30 метр шегінетін болған. Содан кейін ғана жарылғышты залалсыздандыру немесе жою операциясы жүргізілген.



Соғыс аяқталып, бейбіт заман орнағасын, мұндай автомобильдер қажет болмай қалады. Дегенмен, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары кеңестік уазиктің осы қайтадан қолданыла бастайды, бірақ әскери мақсатта емес. Ауыл тұрғындары индукциялық мина іздегіштің орнына соқа орнатып, көлікті егістік немесе бақша аумағында пайдаланған екен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көктем немесе күз: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ сатқан дұрыс?


Жүргізушіні ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАТАТЫН әрекеттер

Бөлісу