Қандай көліктер ҚҰНЫН ЖОҒАЛТПАЙДЫ?

0
4 735

Көлік сатып алар кезде бұған да мән беру керек.


Қандай көліктер ҚҰНЫН ЖОҒАЛТПАЙДЫ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жаңа көлік сатып алған адам ерте ме, кеш пе оны сататынын біледі. Сондықтан сауда алдында «ертең мұны қаншаға сата алам?» деп ойланатындар көп. Осыған орай жылдар сырғып өткенімен, бастапқы бағасын жоғалта қоймайтын көліктердің тізімін жасап отырмыз. Олардың кейбірі бірнеше жылдан кейін де сатылып алынған бағасына өтсе, енді біреулері өз бағасынан қымбаттап кетеді.


Кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер


Mazda CX-5

Танымал Mazda кроссовері баға жағынан өте тиімді көлік. Ол бастапқы бір-екі жылд тек 4%-ға ғана арзандаса, үшінші-төртінші жылға бағасының төмендеуі небәрі 8%-ды құрайды екен. Оның себебі – көліктің өте жоғары сапасы. Бұл көліктердің он шақты жыл бұрын жарыққа шыққандары да тоза қоймаған.


Toyota RAV4

Тойотасыз автокөлік нарығын елестету мүмкін емес шығар. Ал, сол компанияның RAV4 атты көлігі бірінші жылы құнының 7%-ын, үш жыл ішінде 9%-ын ғана жоғалтады.


Nissan X-Trail

Бірінші жылы X-Trail-дың бағасы 3%-ға арзандаса, үш жылдан кейін бірден 10% құнын жоғалтады. Одан кейінгі жылдары да 2-3 жыл сайын 10 пайызға арзандап отырады.

Nissan Qashqai

Nissan Qashqai көлігі де солай. Бастапқы 3-4 жылда 4-6 пайызға арзандаса, одан кейін құнсыздануы жеделдей түседі. Өйткені, бұл көліктің жетілдірілген үлгілері жиі шығарылады.


Kia Sportage

Кореялық көлік бірінші жылы құнының 7%-ын жоғалтады. Бірақ, бұл өткен онжылдықтың автомобильі болғандықтан бес жылдан, кейін 11-12 пайызға арзандап кетеді. Дегенмен, бұл көлік сапасын да, сәнін деоңайлықпен жоғалта қоймайды.

Renault Duster

Бір таңқаларлығы – қазіргі нарықта ең баяу арзандайтын кроссовер Renault Duster болып отыр. Орташа есеппен көлік бес жыл ішінде небәрі 8%-ға дейін құнын жоғалтады. Әрине, күтімі жақсы болса.


Жол талғамайтын көліктер мен толық жетекті кроссоверлер әрдайым сұранысқа ие. Өйткені, олардың бағасы жеңіл көліктерге қарағанда баяу арзандайды.


Седандар мен хэтчбектер


Toyota Camry

Тойотаның бұл үлгілері бірінші жылдан кейін тек 6% құнын жоғалтады. Ал, үш жыл ішінде орташа есеппен 10 пайызға арзандайды екен. Оның себебі – танымал компанияның жыл сайын жаңа үлгілерді шығаруы. Тағы бір айта кетерлігі Toyota Camry маркасымен жарық көретін кей көліктер ондаған жылдың ішінде бастапқы бағасынан да қымбатқа сатылуы мүмкін.

Skoda Octavia

Біздің рейтингке енген Октавия көлігі бірінші жылы 8%, үш жылға ішінде 12%, ал бес жылда небәрі 14% құнын жоғалтады.



Kia cee’d

Нарық көшбасшылары арасындағы гольф-класс өкілдерінің бірі – Kia ceе'd. Бірақ, бұл бірінші жылы ең жылдам арзандайтын автомобиль. Яғни бір жыл ішінде 14% құнынан айырылады. Үш жылдан кейін жыл сайын 11%, ал бес жылдан кейін 10%-ға арзандап отырады. Бұл көліктің тиімді тұсы – жаңартылған үлгілерінің жиі өндірілмейтіндігі.


Hyundai Solaris

Бұл автокөлік бірінші жылы айтарлықтай құнсызданып, бастапқы бағасының 15-16 пайызын жоғалтады. Бірақ, үш жылдан кейін небәрі 12%-ға арзандайды. Ал, бес жылдан кейін арзандауы тіптен баяулап қалады.

Kia Rio

Киа Рио да тура Солярис сияқты бірінші жылдан кейін 16%-ға арзандайды. Ал, үш жылдан кейін құнының 12%-ын, бес жылдан соң 11%-ын жоғалтады.


Volkswagen Polo

Кореялық седандармен бәскеде жүрген Polo дизайны жұпылау болса да, бірінші жылдан кейін тек 6%-ға ғана құнсызданады.


Жалпы, седандар мен хэтчбектер кроссоверлерге қарағанда арзанға бағаланады. Алайда, Toyota Camry секілді көліктер танымал брендінің арқасында қымбатқа бағаланады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Шымкенттік жігіттер ескі көлікті ЭЛЕКТРОМОБИЛЬГЕ айналдырып жүр


КЕРЕК КЕҢЕС: Қозғалтқыш пен беріліс қорабы ҰЗАҚ ҚЫЗМЕТ ЕТСІН десеңіз...