Қарда жүретін үздік көліктер топтамасы - 2018-2019

0
4 290

Бұл мақалада әлтүрлі модельдердің әрқайсысының артықшылықтары мен сипаттамалары жайында жаздық.


Қарда жүретін үздік көліктер топтамасы - 2018-2019

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Отбасылық демалыс екі түрге бөлінеді: алдымен жаздағы теңізге барып, күн көзіне қыздырыну, суға шомылу және жақын адамдармен бірге қар басқан далаға саяхатқа шығу. Бірақ қарда жүрудегі мақсат тек демалу ғана емес. Сонымен қатар, қар жауғанда Сіз аң аулауға немесе балық аулауға бара аласыз. Осыған орай, бүгін біз Сіздерге осындай демалысқа қажет қарда жүргіш көліктер туралы ақпарат ұсынғымыз келді.


Үздік қарда жүретін көліктер рейтингі

Біз нарық ұсынған қарда жүретін көліктердің тізімінен шын мәнінде сыналған, сапасымен ерекшеленетін үздік үлгілерді іріктеп алдық. Төменде үлгілердің мына түрлерін қарастырамыз:

• Yamaha VK540 IV;

• Arctic Cat Bearcat 2000 XT;

• Yamaha RS Venture TF;

• Ski-Doo EXPEDITION SE 1200 4-TEC;

• Arctic Cat ZR 9000 137 Thundercat;

• BRP Ski-Doo RENEGADE X-RS 800R E-TEC;

• Yamaha Phazer MTX.


1. YAMAHA VK540 IV

Егер сіз аң аулауды ұнататын болсаңыз, мына үлгіні алыңыз! Бұл техника ең жақсы қарда жүретін көлік болып табылады. Құрастырылуының сенімділігіне дау болмаған. Осындай көлігі бар көптеген адамдар ондаған жылдар бойы қарда қорықпай жүргендігін айтқан.

Қозғалтқышы – цилиндрлік. Салмағы – 316 келі. Отын сыйымдылығы – 31 литр. Өндіруші – Жапония.


2. ARCTIC CAT BEARCAT 2000 XT

Бұл үлгі құрастырылуы мен пайдаланудың қарапайымдылығымен және қолайлылығымен ерекшеленеді. Алдында мықты аспасы бар, демек, қар астындағы тастар қорқынышты емес. Сондымен қатар, артқа жүруді тек бір ғана түймені басу арқылы орындай аласыз. Сіз үшін тамаша таңдау әрі сапалы техника!

АҚШ-та өндірілген. Салмағы – 295 келі. Отын сыйымдылығы – 64,4 литр.

Цилиндрлік қозғалтқышы бар.


3. YAMAHA RS VENTURE TF

Ұсынылған үлгі – туристерге арналған үздік қарда жүретін көлік. Үстінде барынша жайлы және дизайны тамаша жасалған. Қозғалтқышында суды салқындататын төрт цикл орнатылған, бұл аппараттың ұзақ жұмыс істеуіне кепілдік береді. Сондай-ақ, бұл көлік қардың кедір-бұдыр қабатында да жақсы жылдамдықпен жүре алады.

Отын сыйымдылығы – 34,6 литр. Өндіруші ел – Жапония. Салмағы – 288 келі.


4. SKI-DOO EXPEDITION SE 1200 4-TEC

Бұл көліктің өте сапалы шаңғылары Сіздің кез келген жүріс түрін орындау кезіндегі қауіпсіздігіңізге кепілдік береді. Сондай-ақ, басқарудың 3 режимі бар, оны оңай ауыстыра аласыз: эко, спорттық және стандартты.

Салмағы – 322 келі. Өндіруші ел – Канада. Отын сыйымдылығы – 45 литр.


5. ARCTIC CAT ZR 9000 137 THUNDERCAT

Бұл үлгі қарда жүретін спорттық көліктер арасындағы көшбасшы болып есептеледі. Қозғалтқышының қуаты 180 аттың күшіне тең, кез келген жүріске салуға және тез тежеугемүмкіндік береді. Сондай-ақ, қарда жүріп бара жатып жылдам бұрылады және қауіпсіздікке кепілдік бере алады.


АҚШ-та өндірілген. Отын сыйымдылығы – 37,5 литр. Салмағы – 239 келі.


6. BRP SKI-DOO RENEGADE X-RS 800R E-TEC

Бұл басқару режимдерін пайдалану мен ауыстырудың оңайлығымен ерекшеленетін тамаша үлгі. Қарлы жолдың кез-келген жағдайында, тіпті трассада да жақсы жүре алады. Сондай-ақ, Сіздің қауіпсіздігіңізге кепілдік беретін ең мықты тежегіштермен жабдықталған. Сонымен қатар 164 аттың күші бар көлік жылдам әрі қуатты!

Өндіруші ел – Канада. Салмағы – 218 келі. Отын сыйымдылығы – 40 литр.


7. YAMAHA PHAZER MTX

Бұл бағасына сапасы сай келетін тамаша қар көлігі. Қуаты мен күші қозғалтқышының жұмысынан бірден байқалады және қармен тамаша байланысқа түсетін шынжыр табаны бар, демек, кез келген жолмен көздеген нысаныңызға жеткізе алады.

Салмағы – 234 келі. Отын багының көлемі – 26,7 литр. Өндіруші ел – Жапония.

Біз Сіздерге әзірге тек тізім ғана ұсынамыз. Таңдауды өзіңізге қалдырамыз!

Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қыс мезгілінде ең пайдалы және қажетті 10 автокөлік құралы


Жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған велосипедті көрдіңіз бе?