ҚАУІПТІ! Жаздың ыстығында мына заттарды көлікте қалдыруға БОЛМАЙДЫ!

0
3 831

Көлік күннің астында тұрғанда, ішіндегі температура сырттағы температурадан 2 есе көп болады


ҚАУІПТІ! Жаздың ыстығында мына заттарды көлікте қалдыруға БОЛМАЙДЫ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Метеорологтардың айтуынша, егер сырттағы температура +30 °C болса, онда көліктің ішіндегі температура +60 °C-қа жетеді екен. Яғни, кем дегенде 2 есе артады. Сонымен қатар, Стэнфорд медициналық университетінде өткен зерттеулер барысында күн көзіне қойылған көліктің ішіндегі температура 30 минутта 80%-ға көтерілетіні дәлелденген. Ал, енді осындай ыстықта тұрған заттарды ойлап көріңіз...


Сіздер үшін ыстық ауа райында көлікке қалдыруға болмайтын заттардың тізімін жасадық.


Құтыдағы газдалған сусын

Жоғары температурада газдалған сусыны бар құтының ішіндегі қысым едәуір артады да, жарылып кетеді. Ал, автокөлік салонына шашыраған сусын дақтарын жуып кетіру оңай емес, сондықтан осындай мәселеден алдын ала сақтану керек.


Дәрі-дәрмек

Дәрі-дәрмек қорапшасындағы арнайы нұсқаулықтарда олардың қандай температурада сақталуы тиіс екені жазылған. Егер, білмесеңіз есіңізде сақтап алыңыз: кейбір дәрі-дәрмектерді тоңазытқышта ғана сақтау қажет, ал кейбірін +25 °C-тан жоғары температурада сақтауға мүлдем болмайды.


Оттық

Оттықтардағы ескертулерде оларды жоғары температураның әсеріне ұшыратуға және күн көзіне ұзақ уақыт қалдыруға болмайтыны жазылған. Сол секілді күннің астында тұрған көлікке де қалдыруға болмайды. Себебі, ыстық жерде тұрған оттық жарылып, салонның кейбір жерлерін күйдіруі, тіпті түгел жандырып жіберуі мүмкін.


Күннен қорғайтын құралдар

Таңқаларлық нәрсе, бірақ теріні күн сәулесінен қорғауға арналған құралдарды да ыстыққа қалдыруға болмайды екен. Өйткені, күннен қорғайтын кремдердің құрамындағы компоненттер жоғары температурада бұзылады және олардың тиімділігі төмендейді. Ал, жағажайдағы көлікте қалған құралдардың құтысы жарылып, салонға кетпейтін май дақтарын қалдыратын жағдай көп кездеседі екен.

Мұндай құралдарды да +25 °C-қа дейінгі температурада сақтау керек екен.


Күннен қорғайтын көзілдірік

Күннен қорғайтын көзілдірікті көліктің панеліне қалдырсаңыз, еріп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, американдық оптометрлік ассоциацияның (American Optometric Association) деректеріне сәйкес, көзілдірік линзалары күн сәулесін қатты тарта алады, ал біз мұның өрттің шығуына себеп болуы мүмкін екенін білеміз!


Бөтелкедегі ауызсу

Зерттеу нәтижелері бойынша, жоғары температурадағы су құрамында BPA (бисфенол А) бактериясы бөлінетіні дәлелденген. Ал, бөтелкеде пайда болған бактериялар жоғары температураның әсерінен көбейеді. Сондықтан, денсаулығыңызды ойласаңыз, мұндай суды пайдалануға болмайды.


Шарап

Егер, Сіз кешкі асқа шарап сатып алсаңыз, оны күн көзінде тұрған көлікте қалдырмаған дұрыс. Себебі, шарап қатты қызған кезде дәмі бұзылады және қысымға шыдамаған тығыны атылып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, зерттеулер нәтижесі бойынша, шамадан тыс жылу әсері шарап құрамында денсаулыққа зиян тигізетін этилкарбамат (ЕО) тудырады екен.


Смартфон немесе кез келген электроника

Смартфондар мен басқа да электроника ыстық температурада қатты қызып кетуі мүмкін. Ал, аккумулятормен жұмыс істейтін құралдардың қызып кетуі батареяның қызмет ету мерзімін қысқартып қана қоймай, өзге де элементтерге — сенсорлық экранға және барлық бөліктерді өзара байланыстыратын желімге де зиян келтіруі мүмкін. Тіпті, кейде құралдардың жанып кеткенін де көріп жатамыз.


Аэрозольді ыдыстар

Сарапшылардың айтуынша, түрлі иіссу, бояу, шаш қатыруға арналған лак және т.б. аэрозольді ыдыстар температура шамамен + 48 °C-қа жеткенде жарылады екен. Сондықтан, мұндай құралдарды да күннің астындағы көлікке қалдыруға болмайды.


Шыныға бекитін жапсырма

Бір қарағанда, кішкентай ғана шыныға бекігіш жапсырма қауіпсіз көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл затты ыстық ауа райында көлік терезесінде қалдырсаңыз, салон өртеніп кетуі мүмкін. Өйткені, ол күн сәулесі түскенде лупаның қызметін атқарады.


Балалар мен жануарлар

Өкінішке орай, көптеген адамдар әлі де жоғары температураның қауіптілігіне немқұрайлы қарайтынын және балалар мен жануарларды көлікте қалдырып кетіп, соңы қайғада жағдайға ұласқанын жаңалықтар тізімен көріп жатамыз.


2014 жылы Dog Trust ұйымы жүргізген зерттеуге сүйенсек, ыстық температурадағы 20 минут жануарлардың денсаулығына зиян келтіру үшін жеткілікті екен. Сондай-ақ, +46 °C температураға балалардың ағзасы шыдамай, өлім жағдайына дейін жетуі әбден мүмкін.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктегі дәрі қорапшасында қандай заттар болуы керек?


Ксенон немесе галоген - көлікке қайсысын салған дұрыс?