Қазіргі кездің "хиті" болған көліктер қайсы?

0
7 273

Осы мақалада Сіздерге тұтынушылар пікірі бойынша 2018 жылдың ең үздік тұлпарларын ұсынамыз.


Қазіргі кездің

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Жаңа көлік сатып алушылар үшін ақша маңызды мәселе болып табылады және таңдау жасау мұқият жүргізілуі тиіс. Ал көлік ұзақ мерзімге алынатындықтан жүргізушілер оның сенімділігіне, бағасы мен сапасының арақатынасына, техникалық сипаттамаларына және белгілі бір модельді таңдаудың тиімділігіне назар аударады. Сонымен қатар, сатып алар кезде отын үнемділігін, салонның дизайнын ескерген жөн.


10) Vauxhall Corsa

Vauxhall Corsa – бұл В-класты субкомпактілі көлік, ол қарапайым болғанына қарамастан қарамастан жұмыс қуаты 114 ат күшіне тең және үш цилиндрлік турбомоторымен ерекшеленеді. Көлік басқаруға өте ыңғайлы, оның үстіне тізгінді жаңа ұстағандар үшін өте қолайлы. Сондай-ақ, бұл көлікті басқаратын адамға сәнді салоны да сенімділік береді.


9) Honda Accord

Жапон брендін әзірлеушілердің тұтынушылар назарына ұсынған бұл спорттық седаны жүргізушіге керемет ләззат беру үшін жасалған. Көлік жүрістің және пайдаланудың үздік сипаттамаларын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл көліте қашықтықтан басқарудың шағын жүйесі де бар.


8) Nissan X-Trail

Бұл кроссовер Nissan үлгілері арасында сату бойынша көшбасшы орынға ие және өз қатарындағы ең көп сұранысқа ие көліктердің бірі болып табылады. Көліктің 2018 жылғы жаңартылған нұсқасы жеті жолаушыға арналған ыңғайлы, сыйымды салонмен, жетілдірілген жұмыс қуатымен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта автомобильдің жұмыс көлемі 1,6 литр, қуаты 128 ат күшіне тең және дизель отынымен жұмыс істейді.


7) Mazda 6

2018 жылдың ең үздік көліктері рейтингінде жетінші орынды жапондық Mazda 6 седан көлігі иеленген. Бұл автокөлік жүргізушілер талғамын ерекше дизайны, жолаушыларға арналған сыйымды, жайлы салонымен жаулап алған. Сондай-ақ, бұл көлік заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай және отбасылық седае ретінде қаралады.


6) Volkswagen Scirocco

Volkswagen Scirocco заманауи көріністі иеленген көлік. Сондай-ақ, көлікте жақсы жылдамдық, отын үнемділігі қарастырылған.


5) BMW X5

Көлік капотында BMW брендінің эмблемасының болуы жүргізушілерге сенімділік пен қуат сыйлайтыны рас. Сол сияқты BMW X5 көлігі өзін барлық жағынан сәнді әрі қуатты етіп көрсете алады. Бұл кроссовер капотының астында машинаның жылдамдығы мен қуатына жауап беретін заманауи қозғалтқыш орнатылған. Сондықтан, көлік алушылар осы толық жасақталған кроссоверді ұзақ және тиімді пайдаланатынына сенеді.


4) Renault Twingo

Супермини Renault Twingo көлігі үздік автомобильдер рейтингінде өзінің бәсекелесі – Fiat 500-дің орнын тартып алды. Бұл жағдай Renault Twingo моделіндегі жаңа технологияларды іске асырудың арқасында орын алған. Аталған үнемді және стильді көлік көлемі 0,9 литр, қуаты 89 ат күшіне тең және қозғалтқышы бензинмен жұмыс істейді.


3) Chevrolet Impala

Бұл көліктің салонын жасау кезінде өндірушілер жүргізуші мен жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз кеңістік құруға баса назар аударған. Жүргізушілер тұлпарды басқарудың функционалдығы мен қарапайымдылығына, ал жолаушылар салонның жайлылығына жақсы баға берген. Ал, қол жетімді баға және өндірушілер берген кепілдік 2018 жылдың үздік модельдері рейтингінде үздік үштікті түйіндеуге мүмкіндік сыйлап отыр.


2) Citroen C4 Cactus

Француз өндірушілері ұсынған бұл көлік шағын, қуатты, қалада жүріге өте ыңғайлы. Көлік 2017 жылдың екінші жартысында алғаш шыққан күннен бастап-ақ, нарықта өз орнын сенімді түрде иеленген. Сатып алушылар көліктің стильді көрінісіне, жұмыс қуатына және отын үнемділігіне ерекше баға береді. Сондай-ақ, салонда көлікті басқару кезінде жолдағы жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін құрылғы орналастырылған.


1) BMW 2 Series Active Tourer

BMW брендімен шыққан C класты бес орынды минивэн үздік көліктер рейтингінде бірінші орынға ие болды. Бұл BMW брендіндегі алғашқы озық модель және ол сатып алушыларға көптеген артықшылықтарын ұсына алады. Бұл көлік жұмыс көлемі 1,5 және 2 литр бензинді қозғалтқыштардың екі нұсқасымен, сондай-ақ 2 литрлік дизель моторымен жасалған. Сырты ерекше стильді, салоны жайлы және бағасы қолайлы көлік барлық сатып алушылардың әлі күнге дейін жүрегін жаулау үстінде.

Міне, 2018 жылдың үздік көліктерінің рейтингі осылай.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ