КЕРЕК КЕҢЕС: Қозғалтқыш пен беріліс қорабы ҰЗАҚ ҚЫЗМЕТ ЕТСІН десеңіз...

0
2 239

Қазір жаңа көлік алу қиынның қиыны болып тұр.


КЕРЕК КЕҢЕС: Қозғалтқыш пен беріліс қорабы ҰЗАҚ ҚЫЗМЕТ ЕТСІН десеңіз...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір жаңа көлік сатып алу қиынның қиыны болып тұр. Сондықтан қолданыстағы көлікті күтіп айдаған тиімдірек. Ал, сол көліктің ең маңызды бөлігі – қозғалтқыш пен беріліс қорабының қызмет ету мерзімін ұзарту үшін біз ұсынған кеңестерді қолдансаңыз болады.


1. Қозғалтқыш майы

Қозғалтқыш майы көлік моторының жұмысы үшін өте маңызды екенін кез келген жүргізуші біледі. Ал, оны уақытылы ауыстыруға келгенде солардың біразы ақшасын қимай, созбақтап жүріп алады. Бұл қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін қандай да бір уақытқа қысқартады. Демек, қозғалтқыш майын уақытылы ауыстыру – мотордың ұзақ қызмет етуіне әсер етеді.

Көбіне қозғалтқыш майын ауыстырған мамандар майды ауыстырудың келесі мерзімін белгілеп береді. Сонымен қатар, қандай май құйған дұрыс болатынын да айтып жатады. Тиісінше, маманның кеңесіне құлақ асқан абзал.


2. Беріліс қорабында да солай

Автоматты беріліс қорабы мен вариатор өндірушілердің көпшілігі беріліс қорабының майын жиі тексеру қажет емес деп мәлімдейді. Тіпті, кейбір көліктердің нұсқаулығында бұл майды ауыстыру туралы бірде-бір сөз болмайды. Сонымен қатар, мамандар автоматты беріліс қорабындағы сұйықтықты ең аз дегенде 60 мың шақырым жүргеннен кейін, ал егер көлік қатты аязда жұмыс істесе немесе тіркемелерді сүйремес, одан да көп мерзімнен кейін ауыстыруға болады дейді. Дегенмен, ескі көліктердің, әсіресе механикалық беріліс қорабындағы майды жиі ауыстыруға тура келеді. Әйтпесе, беріліс қорабын толығымен ауыстырып, шығынға еселеп батуыңыз әбден мүмкін.


3. Қозғалтқышты қыздырыңыз

Кез-келген автокөлік өндіруші компания қозғалтқышты қыздырып барып жүру керек екенін айтады. Дау жоқ, қазіргі қозғалтқыш жарты ғасыр бұрынғыларына қарағанда әлдеқайда жетілдірілген. Бірақ олардың арасында түбегейлі айырмашылық жоқ. Қазіргі адамның қаңқасы мен организмі ежелгі адамдардікімен бірдей болатыны сияқты, қозғалтқыштардың да іші ұқсас болады. Сондықтан жүрер алдында қозғалтқышты қыздырған абзал.



4. Беріліс қорабын да қыздыру керек па?

Егер қозғалтқыш жанармайдың арқасында қызатын болса, автоматты қорап бұл жолмен қызбайды. Соның әсерінен гидротрансформатор зардап шегуі мүмкін. Сондықтан, қозғалтқыш қызғаннан кейін тежегіш педальді басып тұрып, D немесе R режимін қосу қажет. Бұл жағдайда қозғалтқыш тезірек қызып, ал гидротрансформатордағы сұйықтықты қарқынды араластыру беріліс қорабының да тез жылынуына ықпал етеді. Бұл да беріліс қорабының дұрыс әрі ұзақ қызмет етуіне әсері мол.


5. Құрылғының кеңестеріне сенбеңіз

Автосалон менеджерлері мен пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар ғана автомобильдерге зиянын тигізбейді. Ал, көліктегі кейбір кеңесші құрылғылар қателесуі мүмкін. Мысалы, кейбір көліктерде жылдамдыққа қарап, беріліс деңгейін ауыстыру жайлы кеңес беретін көмекші болады. Олар қозғалтқышты төмен жылдамдықта жоғары жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр етіп, беріліс деңгейін уақытынан ерте ауыстыруды ұсынады. Мұндай кезде май сорғысы майдың жеткілікті жоғары қысымын қамтамасыз ете алмай, қозғалтқыш бөліктері тозуға бейім болады. Иінді біліктің мойынтіректері мен поршень зардап шегеді. Сондықтан, тәжірибелі мамандардың ғана ақылына құлақ асыңыз.



6. Өшіруге асықпаңыз

Көлік жоғары жылдамдықпен жүріп кеп тоқтағаннан кейін қозғалтқышты бірден өшірмей, ешқандай қимылсыз 1-2 минут оталдырып тұрған дұрыс. Осылайша қозғалтқыш бөліктері қалпына келеді.


Біз ұсынған кеңестің барлығы қозғалтқыш пен беріліс қорабының ұзақ қызмет етуіне оң әсерін тигізеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КРУИЗДІК-БАҚЫЛАУ деген не және оны ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНҒАН ДҰРЫС


Шымкенттік жігіттер ескі көлікті ЭЛЕКТРОМОБИЛЬГЕ айналдырып жүр