Көлігіңіз ГАЗБЕН жүре ме? АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ мен КЕМШІЛІКТЕРІ

0
4 771

Сіздің көлігіңіз газбен жүре ме? Онда, бутан, пропан және метан болып бөлінетін газ жайлы ақпараттармен таныса отырыңыз.


Көлігіңіз ГАЗБЕН жүре ме? АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ мен КЕМШІЛІКТЕРІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Газ құюдың артықшылығынан бастайық

● Біз пропан жайлы сөз қозғаймыз. Неге ол деген сұрақ тууы мүмкін? Өйткені, пропанның шығыны бутанға қарағанда әлдеқайда аз және тығыздығы да көлікке құюға сай келеді. Егер, көлігіңіз пропанмен жүретін болса, Сіз бензинге жұмсайтын ақшаның 20-30 %-ын үнемдей аласыз және қазіргі уақыттағы бензин бағасын ескеретін болсақ, бұл үнемдеудің жақсы амалы. Оның үстіне, бүгінгі таңда пропан құятын жанармай бекеттері барлық жерде бар деп айтуға болады.

● Сондай-ақ, газ бензинге қарағанда экологиялық жағынан таза өнім болып есептеледі. Тиісінше пайдаланылған газдан «СО» химиялық элементі көп бөлінбейді және қорғасын қосылысы мүлдем болмайды. Одан бөлек, газ қозғалтқышқа да оң әсер етеді. Ол біркелкі жұмыс істей бастайды және аз май жұмсайды. Нәтижесінде, клапандар мен поршеньдерге шамадан тыс күйе жабыспайды.

● Газдың тағы бір артықшылығы – қозғалтқыш дыбыссыз жұмыс істейді. Себебі, газдың октандық саны жүз бірлікке тең, бұл отынның басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғары.


Метанның пропаннан артықшылықтарына тоқталсақ

- метанды пайдалану қауіпсіз;

- ауа ластанбайды;

- метан – табиғи газ;

- метанды жану камерасына дейін жеткізу оңай;

- метан қасиеттері тұрақты;

- метанның қоршаған орта температурасына тәуелділігі аз;

- октандық сан жоғарыы, бұл газдың күштілігін білдіреді.

Бірақ, бүгінгі күні метан құятын жанармай бекеті пропанға қарағанда аз. Одан бөлек, автокөлікке метан жабдықтарын орнату да біраз шығынға ұшыратады. Сондықтан, метанды көбіне жүк көліктерінің иелері қолданады.

Тағы бір нұсқасы бар – ол дизель мен метанды біріктіру: жанармай багына солярка және мүмкіндігінше метан құйылады. Нәтижесінде, жанармай шығынын айтарлықтай қысқартады. Дегенмен, бұл да тек жүк көліктері үшін қолданылатын амал.


Ал енді жалпы ГАЗ құюдың кемшіліктері

● Бірінші кемшілігі — жүк салғыш көлемінің азаюы (әдетте газ баллон жүк салғышқа орнатылады);

● Газ бензиннен бірнеше есе қауіпті, сондықтан электр сымдарының қауіпсіздігі мен газдың шығып тұрмағанын жиі тексеру қажет.

● Оған қоса, газбен жүретін барлық көліктің динамикасы шамалы әлсірейді. Яғни, автокөлік 5%-ға баяулайды. Алайда, бұл шығынның азаюымен өтеліп кетеі.

● Сонымен қатар, газдың жануына көп уақыт кететіндіктен және жану камерасындағы температура да бензинге қарағанда жоғары болатындықтан, аталған процесс клапандарға теріс әсер етеді.


Жалпы, өз көлігіңіздің қандай ресурспен жүретінін саналы түрде таңдаған дұрыс. Егер, жылына 10-15 мың шақырымға жуық жол жүретін болсңыз, ойланбай газға ауысып алыңыз. Айта кетейік, осы жерде тағы бір әттеген-ай пайда болады. Ол – көлікке газ жабдықтарын орнатудың біршама шығынға ұшырататыны.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Мынандай көлікпен жүрсеңіз, КЕПТЕЛІСТІҢ не екенін ұмытасыз


Жаңбырлы ауа райында көлік жүргізудің ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ережелері