Көлік жайлы көбірек білгіңіз келсе, иесіне қараңыз

0
1 639

Өзіңіз үшін көлік таңдағанда да қайсысымен мінезіңіз жарасатынын білген жөн.


Көлік жайлы көбірек білгіңіз келсе, иесіне қараңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Темір тұлпар мен иесінің мінез-құлқы бір-біріне сай келмесе, тіл табысуы қиынға түседі. Иә-иә, дұрыс түсіндіңіз, көліктің де кісі секілді өзіне тән мінезі бар. Бұл ақпаратты білу көлік сатарда не біреуден сатып аларда әсіре маңызды. Сондықтан, қандай да бір кісіні жақынырақ танығыңыз келсе, бірінші көлікке қатысты талғамын білуге тырысыңыз. Ал, қайсыбір көлік жайлы көбірек білгіңіз келсе, иесіне қараңыз. Сондай-ақ, өзіңіз үшін көлік таңдағанда қайсысымен мінезіңіз жарасатынын анықтап алыңыз.


Бренд

Bentley– бос мақтан, дарақылықты ұнататындардың таңдауы. Әлбетте, қалтасы да қалың. Сонысын жалпақ жұртқа жария етіп, өзгелерден оқ бойы озық көрінгісі келеді. Ертеңінен көрі бүгінін бірінші орынға қояды.

Mercedes– көшбасшылардың таңдауы. Сән-салтанатты жақсы көреді, уақыттың қадірін біледі, тәуекелге бас тігуден қаймықпайды. Өзін мінсіз санайды. Өзгелер өзін мойындауға және шексіз құрмет көрсетуге тиіс деп есептейді.

BMW– таңдау иелері шешімді тез қабылдайтын, тік мінезді, кейде тым батыл, сенімді күрескерлер. Өзіне не керегін біледі. Алдына мақсат қойса, ештеңеге қарамастан жетеді. Қағидаларын қатаң ұстанады.


Volkswagen– бұл көлік өте байсалды, байыпты кісілерге тән. Шығармашылыққа жаны жақын, тыныш жерде жалғыз отырып армандауды жақсы көретіндерге арналғандай. Өмірде тұрақтылық пен тыныштықты басты орынға қояды.

Hyundai/Kia– тынымсыз еңбек адамының көлігі. Олар үшін сенімділік бірінші орында. «Жеті рет өлшеп, бір кесетіндер» қатарынан. Өзіне жүктелген жауапкершілікті, мойнына алған міндетті абыроймен атқару үшін күн-түн демей тер төгуге дайын.


Көлем


Көліктің көлемінде де мән бар.

Үлкен темір тұлпардыкөбіне өзіне сенімді, еркіндікті қалайтын, тәуелсіз тұлғалар таңдайды.

Ал, кішкентай көлемді көлікиелерін сезімтал, тиімділік пен үнемділікті көздейтін, ұқыпты жандар деп тануға болады. Оларға бос мақтан, атақ-абыройдың қажеті жоқ. Үйлесім, жеңілдік, қамқорлық пен жайлылықтың бәсін биік қояды.


Түс


Көлік түсі де азды-көпті ақпар бере алады.

Зерттеушілердің айтуынша, ақ түсті көлікті таңдаушылар перфекционизмге жақын.

Қара не қою көк түсті қалайтындар айналасына күш-қайратын танытқысы немесе қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келеді.

Сары, жасыл, ашық көк секілді ашық та жарқын түсті көлік иелерін көңілді, жылы шырайлы, бәрін дос санайтындар деп біліңіз.

Қызыл көліктің рөліне қашан да әйелдер қауымы отырады деп ойласаңыз, қате. Бұл түс, әдетте, агрессияға берілгіш, ашушаң не қызуқандыларға жақын.


Беріліс қорабы

Барлық жағдайды өз қолында, өз бақылауында ұстағысы келетін жандар автоматты беріліс қорабымен тіл табыса алмайды. Оларға керегі – механикалық беріліс қорабы. Олар көлік жүргізгенде де жауапкершілікті сезінгенді қалайды.

Ал, автоматты берілісжаңаны тез қабылдайтын, ойына келгенді жедел іске асыруға асығатын жандарға тән. Сондай-ақ, асқан ұқыптылықпен, зейінділікпен мақтана алмайтын кісілер үшін де ең дұрыс таңдау болар еді.


Аударған: Бауыржан Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жапондықтар 8 доңғалақты KAZ көлігін ШЫҒАРДЫ


Көлік сатып алу үшін мыналарды БІЛУ КЕРЕК