Көлік жүргізуді НӨЛДЕН БАСТАП үйренесіз бе? Мына кеңестер көмектеседі!

0
21 257

Көлік рөліне жаңадан отырған адамдар мұны міндетті түрде оқуы керек.


Көлік жүргізуді НӨЛДЕН БАСТАП үйренесіз бе? Мына кеңестер көмектеседі!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген адам көлік жүргізуді үйренгісі келетін шығар. Ал, ол тәжірибені қалай жианған дұрыс? Неден бастау керек?


Өз бетіңізше үйренуге бола ма?

Егде жасқа келіп қалған адамдардың айтуынша, бұрын жолдарда көліктер аз жүретін болған. Тіпті, бірнеше шақырымнан біреуі ғана кездесетін дейді. Ол рас. Ал, қазір көшедегі көлік нөпірінен көз сүрінеді. Демек, көлік жүргізу де қауіпті деген сөз. Сол себепті көлік тізгініне бірінші рет отырған адам өзіне де, өзгеге де зиян тигізей, автомектептерден білім алғаны дұрыс. Бұл туралы заң да бар екенінн көзі қарақты халық біледі деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, көлік жүргізуді өз бетіңізбен үйреніп жүріп, жол ережесіән бұзғаныңыз үшін полицияға ұсталсаңыз әжептәуір айыппұл төлейсіз. Ал, сізге көлігін берген адам екі есе шығындалады. Себебі, қазіргі заңға сәйкес, көлік жүргізу құқығын автомектепте оқып, тәжірибе жинап болғасын ғана ала аласыз. «Өзім білемге» басып, шығынға, қаіпке ұшырағанша, білім алған дұрыс қой.


Жылдың қай мезгілінде оқыған дұрыс?

Автокөлік мектебінен мол тәжірибе жинауға жыл мезгілі де әсер етеді. Өйткені сіз ол мектепте бірнеше ай бойы оқып қана қоймай, жүргізу практикасынан да өтесіз. Мысалы, көктемде оқысаңыз, жазда, жазда оқысаңыз күзде көлік тізгініне отырасыз деген сөз.

Автомектептердің нұсқаушылары күзде оқып, қыста жаттығуға кеңес береді. Сонда сіз қысқы тосынсыйларға да дайындаласыз. Өйткені, суық мезгіл көлік жүргізу үшін ең қауіпті уақыт болып саналады. Дәл сол кезеңде мұз бен қарда қалай жүргізу керек, ауа райын бағамдау, жылдамдықты реттеп отыру деген тәжірибелерді жинай аласыз. Мұның барлығы көлік жүргізу барысындағы ең маңызды дағдылар.


Автомектепті қалай таңдау қажет?

Қазір ғаламторға жаза қалсаңыз, автомектептер тізіліп шыға келеді. Бірақ, олардың бәрі бірдей жақсы оқыта бермейді. Сондықтан мына критерийлерге жүгінген дұрыс:

• Уақыт үнемдеуді және сабақтан кешікпеуді қаласаңыз, үй немесе жұмысқа жақын жердегі мектепті таңдаңыз;

• Автомектептің жол полициясының ресми сайтында тіркелгенін тексеріңіз. Лицензияның мерзімін де қарап шығыңыз;

• Жалқау болмай, автомектепке барып, сыныптардың оқу құралдарымен, компьютерлермен және автотренажерлермен жабдықталғанын анықтаңыз;


• Оқуға ыңғайлы болу үшін жүргізу жаттығуы қай жерде өтетінін білген де пайдалы болады. Кейде теориялық және практикалық сабақтар қаланың әр нүктесінде өткізіледі;

• Оқу көліктері кімге тиесілі екенін анықтаңыз, мектепке немесе нұсқаушыларға. Көбіне нұсқаушылар өз көліктерімен жұмыс істейді және бұл сіз үшін жақсы болмайды. Өйткені, нұстаушы көптеген оқушыға үлгере алмауы, медициналық сақтандыруды қамтамасыз ете алмауы, сіздің қателігіңіз үшін дау шығаруы мүмкін. Ал ол сізге керек пе?

• Оқуға қанша ақшаны не үшін төлейтініңізге көз жеткізіп, шартпен танысыңыз. Есте болсын, сіз жанармайға, көлік қызметіне және нұсқаушының жүріп-тұруы мен тамағына ақша төлемейсіз.


Нұсқаушыны қалай таңдау керек?

Шындығында, көлік басқаруды үйрететін адам табу оңай. Кез келген тәжірибелі досыңыз, ағаңыз немесе жұбайыңыз үйретуге келіседі. Бірақ бұл мәселені нағыз кәсіпқойға қалдырған дұрыс. Ал, нұсқаушыны мынандай белгілеріне қарап таңдаған дұрыс:

Нұсқаушының беделі – бұл нұсқаушысының білікті маман екенінің негізгі дәлелі.

Адамгершілік – нұсқаушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас қолайлы болуы керек. Өйткені арадағы түсініспеушілік оқудың мерзімі мен сапасына да әсер етеді.

Кәсібилік – тәжірибесіз нұсқаушымен бірге көлік жүргізуді үйренбей-ақ қойған дұрыс. Ол өзіңізге зиян тигізеді.

Жақсы нұсқаушы өз ісін жақсы көреді, сондықтан ол өз оқушыларына, әр ісіне мұқият болады, әр жаңашылдыққа бейімделіп, нәтижеге қол жеткізуге тырысады.


Автомат немесе механика?

Егер, автоматты беріліс қорабымен жабдықталған көлікті айдап үйренсеңіз, механикалық беріліс қорабымен жабдықталған көлікті жүргізуге рұқсат берілмейді. Ал, механикалық көлік жүргізуді оқып, емтихан тапсырсаңыз, онда сіз автоматты көлікті де айдай бересіз. Таңдау әркез өзіңізде болады. Бірақ, таңдау жасамас бұрын барлығың бүге-шүгесіне дейін біліп алыңыз.


Қанша сағат практикалық сабақтан өту қажет?

Жүргізуші мектебіндегі практикалық курс кем дегенде 50 сағатты құрауы керек және оның 30 сағатында кәдімгі көлік жолдарында жүргізу қажет. Ал, бұл уақыт жеткіліксіз болып қалса, қосымша сабаққа жазылған жөн. Сосын, қараңғыда жүргізу тәжірибесі туралы да ұмытпаған дұрыс. Түнде жарық құрылғыларын дұрыс қолдануды, өзге көліктерден озуды, жылдамдықты бақылау және т.б. үйрену керек.

Оқу аяқталғасын

Сіз автомектепті оқып болғасын, қолыңызға оқуды бітіргеніңіз туралы және жүргізу құқығы бар куәлік береді. Ол құжаттарды сақтау керек. Өйткені жүргізуші куәлігін жоғалтсаңыз жаңадан жасату керек болады. Ал, оны жасатуға оқу бітіргеніңіз туралы анықтама көмектеседі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жазғы шинаның шулы дауысы НЕЛІКТЕН қатты шығады?


Тежегіш жүйесінің АҚАУЫН ОҢАЙ анықтауға болады