Көлікті АС СОДАСЫ және ТІС ПАСТАСЫМЕН тазалауға болады

0
4 765

Бұл әдістер тазалық жұмысын оп-оңай орындауға көмектеседі.


Көлікті АС СОДАСЫ және ТІС ПАСТАСЫМЕН тазалауға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген көлікке көңіл бөліп, күтім жасау керек. Ал, оның ішіндегі тазалық мәселесі айтарлықтай маңызға ие. Сондықтан, бүгінгі мақалада тазалық жұмыстарының сапалы әрі оңай жасалуына көмектесетін өте қарапайым лафхактарды ұсынып отырмыз.


Қыл-қыбырды резеңке щетка мен су тазалайды

Автокөлік орындығындағы жануарлардың жүні немесе кез келген қыл-қыбырды тазалау үшін шаңсорғыштың өзі қауқарсыз екенін автоәуесқойлар жақсы біледі. Ал, оны оңай іске асыру үшін лас жерге су ағызып, жүнді ұшы резеңкеден жасалған щеткамен орап алсаңыз жеткілікті.


Салонға сода себудің пайдасы

Егер, көлік салонынан жағымсыз иіс шығып жүрсе, дәл осы лайфхакты пайдаланыңыз. Себебі, сода өз бойына иістерді жақсы сіңіреді. Алдымен салонға ас содасын сеуіп тастап, біршама уақыттан соң шаңсорғышпен тазалап алсаңыз, иістен құтыласыз.


"Фараларды" жылтыратқыңыз келе ме?

Онда, тіс пастасын сүрткішке жағып, фараларды сүртіңіз. Себебі, құрылымы ерекше паста кірді жақсы кетіреді.


Тіс щеткасының пайдасы

Щетка панель мен орындықтағы кірді тазартуға көмектеседі.

Сонымен қатар, щетка мата орындықтардағы қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін өте қолайлы.


Щетка арқылы «дефлектор» торындағы шаңды жоюға болады

Көптеген адамдар осы тордағы шаңға көңіл бөлмейді және онысы өздеріне зиян екенін білмейді. Есте сақтаңыз, бұл әрекет эстетика үшін ғана емес, ауа тазалығы үшін де маңызды.


Қуыстардағы шаңды басы жалпақ бұрағыш және шүберекті пайдаланып сүртуге болады.


Ал ылғал сулықтарды пайдаланып орындықты шаңнан және ұсақ қоқыстан тазартып ала аласыз.


Көліктің төбесін тазалау үшін жиһазға арналған түкті сүрткіштерді пайдалануға кеңес береміз. Тамаша тазартады.


Таңқаларлық әдіс

Көлік еденіндегі матадан жасалған төсеніш қатты ластанып кетсе: сірке суы мен суды араластырыңыз; бүріккіш арқылы сол суды кілемшеге жақсылап шашыңыз; 1 сағаттан кейін барлық кірді шаңсорғышпен жинап аласыз. Ал, төсеніш тап-таза!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Көліктегі дәрі қорапшасында қандай заттар болуы керек?

ҚАУІПТІ! Жаздың ыстығында мына заттарды көлікте қалдыруға БОЛМАЙДЫ!