Көліктің "фары" НЕГЕ ТЕРЛЕЙДІ? Бұл ӨТЕ ҚАУІПТІ!

0
3 127

Автокөліктің кез келген ақауы өміріңізге қауіп төндіреді.


Көліктің

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген жүргізушілер суық немесе жаңбырлы мезгілде көлік жарықшамдарының «терлеуі» деген проблемамен бетпе-бет келеді. Бұл –ылғалдың фараның ішіне кіретіндігінің дәлелі. Оған жарық шамдарын қорғап тұратын қабаттың сынуы,көлікті жуу кезінде де ылғал кіруі мүмкін. Ал, ол ылғалды қаншалықты ертерек құрғатсаңыз, зияны да соншалықты аз болады.


«Терлеудің» себептері:


Мысалы, сіз қыста көлігіңіздің әйнектері «терлейтінін» байқайтын боларсыз. Фараның іші де дәл солай терлейді. Салонда кондиционер мен желдеткіш жүйесі бар, сонымен қатар әйнекті шүберекпен сүртіп алуға да болады. Ал, фаралардың ішіндегі ылғалды жою әлдеқайда қиын.

Сондай-ақ, фаралардың іші неліктен терлейтінін былай түсіндіруге де болады: жарық шамдары іске қосылған кезде сол кеңістіктегі ауа сөзсіз қызады. Сөйтіп, сырттағы ортамен ауа алмасу өте баяу жүреді де, егер сіз қар жақсы жұмыс істейтін фаралардың өзі тұманға айналады.

Автомобильдегі жарық жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуі үшін сапундардың көмегімен жүзеге асырылатын сыртқы ауа алмасу жүйесін іске қосу қажет. Соның арқасында фараның корпусына шаң кірмейді әрі ішіндегі ылғал конвекция арқылы жойылады.


Сондай-ақ, жарық жабдықтарының бұзылуына әкелетін бірқатар проблемалар бар:

  • Фараның корпусы зақымдалады;
  • Фараның әйнегі мен автомобильдің корпусын қосатын герметик жойылады;
  • Желдеткіш каналдар бітеліп, олар фараның ішіндегі ауа айналымына қосылады;
  • Ал, мәселені шешу ақаудың себебіне тікелей байланысты.


Алдыңғы фаралардың терлеуі қандай қауіп төндіреді?

  • Жарықтандыру жабдығының ішіндегі ылғалдан линзаның әсері пайда болаып, нәтижесінде жарық шашырайды. Бұл басқаруды қиындатады және жолдағы қауіпті арттырады;
  • Жоғары ылғалдылық шамның қызмет ету мерзімін азайтады;
  • Ылғал уақыт өте келе контактілерді тотығуға ұшыратып, тоқ сымдарын біртіндеп бұзады;
  • Егер сіз фаралардың ылғалынан уақытында құтылмасаңыз, шамдарды жағу блогын өзгертуге тура келеді. Оны ауыстыру қалтаңызға әжептәуір салмақ түсіреді.


Фаралардың ылғалын қалай жоюға болады?

Егер фараның әйнегі «терлесе», дәл «диагнозды" тек маман қою алады. Бірақ, шеберлердің қызметіне шығындалғыңыз келмесе, мына ұсыныстарды пайдалануға болады:


Шамдарды ауыстыруға арналған қақпақты ашып, фараның ішін кәдімгі шаш кептіргішінен мұқият үрлеңіз. Осылайша конденсацияның біраз уақыт болмауын қамтамасыз ете аласыз;


Желдету жүйесін тазалау. Фаралардың терлеуіне ең жиі себеп болатын жағдай – желдету арналарының ластануы. Кейбір автомобиль модельдерінде фараларды желдету жүйесі ауа сорғыштың астында болады. Бұл жағдайда сіз арналарды фараларды алмай-ақ тазалай бересіз.

Ал, ондай ақау қол жетпейтін жерде болса, бампер мен фараны алып тастау арқылы түзету керек. Жарық жабдықтарын алу үшін алдымен аккумуляторды өшіру керек екенін естен шығармаңыз. Фараны алып тастағаннан кейін, бүкіл корпусты тазалап, бөлшектерді шаш кептіргішпен құрғатыңыз.


Ауа каналдарын тазалағанның өзінде ылғалданса, мәселе анағұрлым күрделі деген сөз. Мұндай кезде корпусқа ауа кіретін жарық немесе тесіктерді іздеу қажет. Егер фара мен көлік корпусы қосылған жер ажыраса, зақымдалған аймаққа герметик жағыңыз және оның кебуін күтіңіз. Ал, айтарлықтай зақым тапсаңыз, қақпақты алып тастап, корпусты қайтадан желімдеуіңіз керек. Фараны герметик толығымен құрғағаннан кейін ғана орнатуға болады.


Корпус немесе әйнектен жарық тапсаңыз, зақымдалған жабдықты жаңартуға тура келеді. Жұмысты істеуге күмән болса, маманға хабарласқан дұрыс. Өйткені өз қолыңызбен жөндеу әдетте фараның ылғалдануын жоюға көмектеспейді.


Егер ақаудың себебін өзіңіз анықтай алмасаңыз, автомобиль шеберханасына хабарласуыңыз керек.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жүргізушіні ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАТАТЫН әрекеттер


Екі рөлі бар УАЗ-ды НЕ ҮШІН шығарғанын білесіз бе?