Мына нәрселерді істеп алсаңыз, көлік ӨТЕ ЖАЙЛЫ болады!

0
2 532

Салон «хан сарайындай» болғанын қаласаңыз, Сізге қарапайым кеңестер көмектеседі.


Мына нәрселерді істеп алсаңыз, көлік ӨТЕ ЖАЙЛЫ болады!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Орташа есеппен әрбір көлік иесі жылына 1 100 сағат және күн сайын 3 сағатқа жуық рульде отырады екен. Сол уақытта жол қозғалысына кедергі болмас үшін көлік салоны ыңғайлы, жайлы болғаны дұрыс. Сондықтан, Сіздерге қарапайым әрі пайдалы кеңестерді ұсынамыз.


1. Балалар кедергі жасамас үшін автокреслолар орнатып, арасын бөліп қойыңыз

Көлікте кішкентай балалар болса, әсіресе алыс сапарға шыққанда олар отыратын артқы орындықтардың арасын бөліп қойсаңыз, көлік іші әлдеқайда тыныш болады.

2. Жүк салғышты сөрелермен бөліңіз

Көліктің жүк салғышын жинақы әрі сыйымды ету үшін, өз қалауыңызбен сөрелер жасап, бөліп қоюға болады.

3. Балалардың керек-жарағын қалай жинақы ұстауға болады?


Егер, Сіздің кішкентай балаларыңыз болса, олар көлікке мінгенде түрлі-түсті қарындаштар мен ойыншықтарды ұстап отыратыны белгілі. Ал, сол заттар шашылып жатпас үшін осындай қорапшалар орнатып, баланы қажет емес затын соған салып қоюға үйрету керек.

4. Ұсақ заттарды сақтау үшін «күнқағарларды» пайдаланыңыз

Көліктің күнқағарына әртүрлі ұсақ заттарды сақтауға арналған осындай «органайзерді» орналастыруға болады. Мұндай жерден керек затты жүріп бара жатып алу оңай болады.

5. Орындықтың бүйіріне жапсырма қалталар орнатыңыз

Шым мәнінде, көлік салонында заттарды сақтайтын орындар аздау. Сондықтан, орындықтардың артына қалталар тігіп қою өз пайдасн тигізеді. Қарапайым, әрі пайдалы!

6. Барлық қажетті құжаттарды арнайы қалтаға салыңыз

Жүргізушілер көбіне құжаттарды «бардачокта» сақтайды. Ал олар өте болса, арнайы бөлгіш қалтаны пайдаланыңыз. Қағаздар жинақы болады, әрі рет-ретімен орналастырып қоясыз.

7. Планшет орнатқыш жасаңыз


Жолда планшет ұстап отыру ыңғайсыздық тудырса, суреттегідей қарапайым орнатқыш жасап қоюға болады.

8. Қауіпсіздік белдігін жастыққа айналдырыңыз

Жолда демалуға ыңғайлы болу үшін қауіпсіздік белдігін қарапайым жастыққа айналдыруға тырысыңыз. Ол балалар мен ересектер үшін өте пайдалы.

9. Ауаны жағымды ететін құралды қолдан жасаңыз

Салондағы ауа хош иісті, жағымды болуы үшін 5-10 тамшы эфир майын ағаш қыстырғышқа сіңіріп, оны желдеткіш торына бекітіп қойыңыз.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көлікті АС СОДАСЫ және ТІС ПАСТАСЫМЕН тазалауға болады

Автокөлік әлеміндегі ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер