Осы қыста ЖАҢА КӨЛІКТЕР шығады

0
2 619

Уақыт алға жылжыған сайын көліктердің де түрі көбейіп жатыр.


Осы қыста ЖАҢА КӨЛІКТЕР шығады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Уақыт алға жылжыған сайын барлық салада жаңа дүниелер жарыққашығып жатыр. Олардың қатарында автокөліктер де бар. Олай дейтініміз, қазір қалыптасқан фирмалардан бөлек, автонарыққа жаңа брендтер келу үстінде. Осы қыс мезгілінде де бірнеше тамаша автокөліктер сатылымға шығады деп болжанып отыр. Осы орайда сол жаңа көліктердің үздіктеріне тоқталып өтпекпіз.



Chery Tiggo 7 Pro

Қазір Chery көліктерінің танымалдылығы артып келеді. Бұл кроссовер соңғы айларда ТМД нарығындағы үздік 10 брендтің қатарына еніп отыр. Сондықтан оның Рестайлинг нұсқасының пайда болуы да маңызды оқиға болып саналуы керек. Жаңартылған Tiggo 7 Pro-ның бамперлері мен радиатор торы жаңарған. Салоны да толығымен жаңартылған. Соңғы деректерге сүйенсек, ол көліктегі виртуалды құрылғы мен медиа жүйенің экраны бір дисплейде болады. Дегенмен, техникалық сипаттамалары бойынша әзірге айтарлықтай ерекшелік жоқ.


Evolute i-Jet

Липецктегі "Моторинвест" зауытында өндірілген «Эволют» модельдік желісінің көліктерін нарыққа шығару қараша айына жоспарланған болатын. Бірақ, белгілі себептерге байланысты ол қысқа қалдырылған. 4,7 мтерлік ұзын көлікке ерекше тік планшет орнатылып, ол арқылы көптеген қызмет функцияларын басқару мүмкіндігі қарастырылған. Бұл көліктің алдыңғы үлгілерден ерекшелігі – электромобиль емес. Бір жарым литрлік бензинді турбо қозғалтқышы генератор ретінде жұмыс істейді және екі электр қозғалтқышы қуат алатын батареясын қуаттайды. Біріншісі алдыңғы, екіншісі артқы дөңгелектерді айналдырады.



Voyah Free

Бұл ең қымбат және елімізде бұрын-соңды сатылмаған беделді қытай көлігі. 4,9 метрлік корпустың дизайны да керемет. Себебі, қытайлықтар бұл жобаға өте айрықша инвестиция салған. Тиісінше оның салоны табиғи ағаштан жасалып, төрт аймақтан тұратын климаттық бақылаумен, ыңғайлы орындықтармен, проекциялық дисплеймен және панорамалық шатырмен жабдықталған.

Көліктің электр қозғалтқышының қуаты 489 ат күшіне тең болса, батареясының сыйымдылығы 106 кВт/сағ. Бұл қуатпен көлік 600 шақырым жүре алады екен.


Tank 300

Tank брендінің электромобильдерге емес, жол талғамайтын көліктерге ерекше көңіл бөлетіні таңдандырады. Соның алғашқысы — Tank 300. Өлшемі шамамен патриот сияқты, ұзындығы 4,76 метр. Оның салоны Гелендвагенге ұқсайды. Өндірушілер көліктің сапалы екендігіне кепілдік беріп отыр.


Тank 500

Ал, Tank 500 моделінің өлшемі Крузактарға жақын. Салоны былғары және нағыз металдан жасалған сәндік панельдермен жабдықталған. Жабдыққа төрт аймақтық климаттық бақылау, HUD дисплейі және көптеген жүргізуші көмекшілері кіреді. Сондай-ақ, ол біздің нарықтағы V6 бензинді қозғалтқышы бар алғашқы қытай көлігі болады.


Тағы қандай көлік шығады?

Жуырда Ресейде "Москвич" зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жоспарына сәйкес, мұнда жыл соңына дейін 600-ге жуық «Москвич 3» кроссовері шығарылуы керек. Олардың үштен бірін электрлік қозғалтқышпен жабдықтау жоспарланған. Бұл машиналар осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында сатылымға шығарылмақ.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Автокөлікке арналған магнитофонды ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?


МАС КҮЙДЕ ҒАНА ЕМЕС: Қандай жағдайларда көлік тізгіндеуге БОЛМАЙДЫ?