Peugeot әлемді мойындататын жаңа көлік шығарып жатыр

0
764

Peugeot 2008 жаңа субкомпактілі кроссоверінің сатылымы осы жылдың соңында басталады.


Peugeot әлемді мойындататын жаңа көлік шығарып жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жаңа Peugeot 2008 көлігінің бензин және дизель, тіпті электр қуатымен қызмет көрсететін нұсқасы да нарыққа шығады. Сонымен қатар, бұл көлік түрлі талғамға сай болу үшін бірнеше түске, мысалы, қанық қызыл ( Elixir Red), аспанкөк (Vertigo Blue) немесе ашық қызғылт-сарыға (Fusion Orange) боялуы мүмкін.

Ұзындығы 4,3 метр болатын Peugeot 2008 көлігі жаңа CMP модульдік платформасы бойынша құрастырылған. Ал, салоны түрлі ақпараттармен қамтамасыз ететін ерекше голографиялық дисплей және 10 дюймдік мультимедиа экранымен жабдықталған.

Сондай-ақ, көлік тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін:

● жол жолағын бақылай алатын жартылай автоматты басқару;

● бейімделген круиз-бақылау;

● тұраққа қою кезінде көмек көрсету;

● шұғыл тежегіш;

● жарықтың алыс немесе жақынға түсуін басқару;

● жолдағы белгілерді тану және т.б. жүйелер енгізілген.

Ерекше кроссовердің 3-цилиндрлі бензинді қозғалтқышының көлемі — 1,2 литр және 4-цилиндрлі турбодизельді қозғалтқышының көлемі — 1,5 литр болады.

Электрлі нұсқасы

Ал, 136 аттың күшіне ие болатын электрлі нұсқасы бір толық қуатпен 310 шақырым жол жүре алады және жылдамдығы 260 км/сағ-қа дейін жетеді. Өндірушілердің айтуынша, электрокроссовер батареясы кем дегенде 8 жылға немесе 160 000 шақырым жүріп өткенге дейін қызмет етеді және қуаттау үшін кемі 30 минуттан 16 сағатқа дейінгі уақыт пен қарапайым электр желісі қажет.

Аталмыш компания алғашқы кроссоверін жаһандық үлгі болады деп, сеніммен айтып отыр.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктің жаздық дөңгелегі ТОЗЫП КЕТПЕСІН десеңіз, МЫНАҒАН мән беріңіз

Орындыққа арналған "чехолды" қолдан тігіп алуға болады
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет