Тәжірибелі жүргүзушілер қандай «домкратты» сатып алады

0
2 940

Кез келген «темір тұлпар» бұзылмай тұрмайды. Ал әрбір жүргізуші көлігінің дөңгелегі сыр берген жағдайда бүгінгі тақырыпқа айналып отырған осы құралдың көмегіне жүгінеді.


Тәжірибелі жүргүзушілер қандай «домкратты» сатып алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік жүргізушілері үшін "домкрат" атауымен белгілі осы бір көтергіш құрал қандай да бір қиындықсыз көлікті қажетті биіктікке көтеруге және оны сол қалпында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтынушылардың пікірлері бойынша жасалған рейтингті ұсынамыз.

Алдымен үздік домкраттар жасап шығаратын фирмаларға тоқталайық.


Біріншіден, бұл рейтингке енген барлық компаниялардың ТМД елдері бойынша тарату желілері бар, демек олардың тауарларын әрбір ірі автодүкендерден сатып алуға болады.

Екіншіден, дәл осы фирмалардың құралын таңдау қате болмайды:

Autoprofi – бұл өндіруші автохимиядан бастап домкраттарға дейін, бір сөзбен айтқанда, автокөлікке қажетті барлық тауарларды өндіреді. Сондай-ақ, өнім Ресейде шығарылатындықтан, бағасы да ыңғайлы.

Matrix – 2 тоннадан 20 тоннаға дейінгі жүкті көтере алатын әртүрлі көтергіштерді ұсынады және автоәуесқойлар да, көлік жөндеу орталықтары да қажетті құралын таба алады.

Kraft – көлік тауарларын шығаруды 1993 жылы бастаған компания. Қазіргі таңда көптеген көлік құралдарын өндіреді.

Airline – бұл танымал ресейлік өндіруші. Компания домкраттардың 50-ден астам түрін жасап шығарады. Олардың өнімдері 2 тоннадан 50 тоннаға дейінгі жүкті көтере алады.

Сорокин – бұл компания үздік бестікті түйіндейді, себебі тауарларының бағасы қымбат. Олардың құралдарын көбінесе ТҚКС иелері тұтынады. Компанияның кемшілігі – осы баға жағдайы, ал ерекшелігі – домкраттың сирек электрогидравликалық үлгілерін өдіреді.


Үздік "домкраттар" рейтингі


Көтергіштерге рейтинг жасау кезінде тұтынушылардың пікірлері мен сарапшылардың ұсыныстары көмек көрсетті. Сонымен қатар, олардың ерекшелігін анықтау үшін мынандай дүниелерге де көңіл бөлінді:

  • құрылысының тұрақтылығы;
  • бұзылуына байланысты шағымдар;
  • дайындалатын материалы;
  • көтеру биіктігі;
  • тауардың дүкендердегі қолжетімділігі;
  • бағасы мен сапасының сәйкестігі.


1. Бөтелке түріндегі ең сенімді көтергіш

Autoprofi Dt-04 – тегіс, қатты жерге қойып пайдалануға арналған. Ол көтеретін жүк 4 тоннадан аспауы тиіс. Гидравликалық маймен жұмыс істейтін құрылғы көлікті 16 см-ден бастап 38 см-ге дейін көтереді. Салмағы – 4.65 келі.


Артықшылықтары:

  • кез келген ауа райы жағдайында жұмыс істейді;
  • үлкен биіктікке көтереді;
  • ықшамдылығы;
  • жылжымалы.

Кемшілігіасты төмен көлікке қолдана алмайды.


2. Үздік рейкалы домкрат

Matrix High Jack жүкті 15 см-ден 70 см-ге дейін біркелкі көтереді. Жиналмалы көтергіш болғандық танпайдалану, тасымалдау өте ыңғайлы, бірақ салмағы 3 тоннадан асатын көлікпен жұмыс істеуге болмайды. Бір ерекшелігі – ол тот баспайтын металдан жасалған.



Артықшылықтары:

  • әмбебап, түрлі машиналар үшін қолданылады;
  • ыңғайлы;
  • көтеру биіктігі;
  • коррозиядан қорғаудың жоғары деңгейі.

Кемшіліктер:

  • жоғары баға;
  • барлық дүкендерде қол жетімді емес.


3. Ең пайдалы «жылжымалы домкрат»

Kraft КТ 820005 – бұл пайдалану мен қызмет көрсетудің қарапайымдылығымен сипатталатын гидравликалық көтергіш. 3 тоннаға дейінгі салмаққа жарамды құрал көмегімен көлік қажетті биіктікке баяу және дұрыс көтеріледі. Ал салмақ асып кеткен жағдайда сақтандырғыш қақпақшасы ашылып, жүк төменге баяу түсіріледі. Сондай-ақ, көлік иесіне көп күш жұмсаудың қажеті жоқ.



Артықшылықтары:

  • аязда қатпайтын маймен жұмыс істейді;
  • адам тарапынан ең аз күш талап етеді;
  • дөңгелектері бар;
  • шағын көлемді.

Кемшіліктер:

  • бағасы орташадан біршама жоғары;
  • асты биік көліктерге ғана пайдаланады;
  • көлікті тым жоғары көтермейді (39 см).


4. Үздік бұрандалы көтергіш

Airline AJ-r-02 – 2 тоннаға дейінгі көліктерге арналған қолайлы нұсқа. Оны асты төмен көліктерге пайдалануға болады, себебі құрылғы көлікті 10.5 см биіктіктен 40 см биіктікке дейін көтере алады. Сондай-ақ, құрал механикалық болғандықтан, барлық жұмысты қолмен орындау керек. Ол өте ықшам, салонда көп орын алмайды және оңай тасымалданады, салмағы 3.1 келіге тең.



Артықшылықтары:

  • шағын өлшемді;
  • салмағы аз;
  • бағасы төмен;
  • берік.

Кемшілігі:

тегіс емес жерде қолдану қауіпті.


5. Сенімді үрлемелі "домкрат"

Сорокин 3.693 – салмағы 3 тоннаға дейінгі жеңіл автокөліктерді көтеру үшін тамаша құрал. Бұл бұйымның басты артықшылығы – көлікті жерге дейінгі ең аз биіктіктен (5 см-ден) көтеруі. Жел үрлеу жиынтықта болатын ұзындығы 3 метр шланга арқылы жүргізіледі.



Артықшылықтары:

  • жиынтықта құрылғыны пайдалану үшін қажетті барлық нәрсе бар;
  • бұйымды өзімен бірге жолға алуға ыңғайлы;
  • кепілдік 3 жылға беріледі.

Кемшіліктер:

  • -15 °С төмен температурада қолдануға болмайды.


Дайындаған Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жалғыз данамен шыққан ең қымбат көлік кімге тиесілі?


Көліктің "дворнигін" қалай таңдау керек?