Жанармайды ЕҢ АЗ "ЖЕЙТІН" көліктер

0
3 467

Қазіргі уақытта ең үнемді автомобильдер мол сұранысқа ие.


Жанармайды ЕҢ АЗ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автоөндірушілер заманауи нарық үрдістерін жақсы түсінеді, сондықтан арзан және сапалы нұсқаларды ұсынуға тырысып жатыр. Бүгінде ықшам көліктің бензинмен және дизельмен жұмыс істейтін үлгілері бар. Дегенмен, отын шығыны қаншалықты азайған сайын, күші де соншалықты азайып, бағасы көтеріле береді. Әсіресе, әлемдік брендке айналған Форд, Пежо, Ситроен, Тойота, Рено және басқа да танымал өндірушілердің көліктерін мінетіндер көп. Ал, елімізде жиі кездесетін ВАЗ үлгісіндегі көліктер ТМД елдеріне ғана танымал екенін ескеру керек.


Бензин тұтынатын ең үнемді көліктер

Ең үнемді автокөлікті таңдау қозғалтқыш түрінен басталады. Негізінен неғұрлым үнемді нұсқалар дизельді қозғалтқышпен жабдықталса да, бензинді үлгілерге қарағанда сұранысы аз. Сондықтан, алдымен бензин тұтынатын темір көліктерді ұсынамыз.


1. Smart Fortwo

Екі орынды Smart Fortwo бензин тұтынатын әлемдегі ең үнемді автокөлік. Қозғалтқышында 90 аттың күші бар, көлемі 0.9 литр болатын темір тұлпар 100 шақырымға АИ 95 маркалы 4,1 литр бензин жұмсайды. Ол адамдардан бөлек 200 келі жүкті оңай көтере алады.

2. Peugeot 208

Бұл шағын автокөлік 68 ат күші бар 1 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған. Өте сыйымды көлік орнынан оңай қозғалады және қала ішінде 100 шақырымға АИ 95 маркалы 4,5 литр, ал ұзақ жолға 3,9 литр бензин тұтынады.

3. Opel Corsa

Opel Corsa көлемі 1 литрлі қозғалтқышпен жабдықталған ең үнемді хэтчбектің бірі. Ол қалада жүруге де, ұзақ жолға да өте ыңғайлы, 100 шақырымға шамамен АИ 95 маркалы 4-4,5 литр бензин жағады.

4. Skoda Rapid

Rapid Skoda компаниясының ең табысты көлігі. Ол үнемді, қуатты және сенімді қозғалтқышымен ерекше бағаға ие болған. Оған қоса көлік жолда өте сенімді жүреді, салоны мен жүксалғышы кең. Ол 100 шақырымға 4,6 литр бензин жұмсайды.

5. Citroen C3

Citroen атты Француз компаниясы ұсынған хэтчбек қозғалтқышында 82 ат күші бар, ал көлемі 1.2 литр. Тартымды дизайны, сыйымды салоны және жүк салғыш, динамика мен тамаша басқарылуы бұл автокөліктің танымалдылығын арттырған. Ол 10 шақырымға 4,7 литр бензин тұтынады.

6. Ford Focus

Әлемге танымал Ford Focus моделін өндірушілер ұсынған көлік көлемі 1 литр болатын, 125 ат күші бар қуатты қозғалтқышпен жабдықталған. Салоны кең, салмағы ауырлау шағын көлік 100 шақырымға 4,7 литр бензин жағады.

7. Volkswagen Passat

Volkswagen Passat 1.4 TSI седаны нарықта үлкен танымалдыққа ие. Оның негізгі артықшылықтары – қолжетімді баға, қуатты қозғалтқышы мен сыйымды салоны. Кез келген жолда сенімді қозғалатын көлік 100 шақырымға шамамен 4,7 литр бензин тұтынады.

8. Kia Rio

Kia Rio класындағы седандар мен хэтчбектер үнемділігі және сапасы, 1.4 және 1.6 литрлі қуатты қозғалтқыштарымен мақтана алады. Ал ең үнемді үлгісі көлемі 1.2 литрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Көліктің 100 шақырымға жағатын бензині 4,8 литрге тең.

9. Volkswagen Polo

Ең үнемді көліктердің тағы біреуі 1 литрлі, 95 аттың күші бар қозғалтқышпен жабдықталған Volkswagen Polo. Отбасылық автокөлік өз тиімділігімен танымал. Оның қозғалтұышы жақын және алыс қашықтықта қиналмай жұмыс істей береді, ал 100 шақырымға 4,8 литр бензин тұтынады.

10. Renault Logan және Toyota Yaris

Toyota Yaris пен Renault Logan өте танымал көліктер. Жапон хэтчбектері көлемі 1.5 литр, 111 аттың күші бар қозғалтқышпен жабдықталған. 100 шақырыға шамамен 5 литр бензин жағады.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Коронавирус және көлік: Қандай ЕРЕЖЕНІ қатаң сақтау керек?


КӨКТЕМ: Көлікті бір ТЕКСЕРЕТІН кез келді