«Женева автосалоны 2019»: су жаңа көліктер таныстырылымы басталды

0
2 693

Биыл Женева автосалонында 150-ден астам әлемдік және еуропалық көліктер таныстырылымын өткізу жоспарланған. Бүгін сол «тұлпарларға» шолу жасаймыз.


«Женева автосалоны 2019»: су жаңа көліктер таныстырылымы басталды

илюстрациялық фото: ашық дереккөзден

7 наурыз күні Швейцарияда 89-халықаралық «Женева автосалоны 2019» (International Geneva Motor Show 2019) көліктер көрмесі басталды. Бұл көктемнің ең қызықты премьерасы болып есептеледі. Сондай-ақ, биыл автошоуға қатысудан бас тартқан компаниялар санының артуы байқалған. Олардың ішінде Volvo, Ford және Jaguar Land Rover бар.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, 2019 жылғы халықаралық Женева автосалонына қатысушылардың тізіміне тек жаһандық компаниялар ғана емес, жылына ондаған көлік шығаратын шағын фирмалар да кірген және оларды төрт санатқа бөлген екен.

Сонымен, басты таныстырылымдарға көшейік:

Volkswagen

Неміс өндірушілерінің басты премьерасы көптен күткен Golf көлігінің сегізінші үлгісі (ұрпағы) болды. Сондай-ақ, Volkswagen компаниясы жұртшылыққа электрлі үлгіні көрсетуді жоспарлап отыр.


Audi

Ауди Швейцарияға әзірге атауы қойылмаған ықшам, электр класты кроссоверін әкеледі. Бұл көлік Q2 мен Q3 үлгілерінің аралығында 2021 жылы нарыққа шығуы керек.


Skoda

Чехиялық өндірушілер Женевада Vision Х сериялық – Кosmiq шағын кроссоверінің нұсқасын көрсетеді. Сондай-ақ, жаңа Superb көлігін де дайындауда.


Toyota

Supra үлгісінің бесінші буыны болып есептелетін көлік тек АҚШ-та көрсетілген, ал еуропалық халықтың алдында бірінші рет таныстырылады.


Renault

Женеваға француз компаниясы Еуропада танымал болған ықшам хэтчбек Clio көлігін алып келді. Сонымен қатар, Renault үлгісіндегі тағы бір дебютант Twingo рестайлингтік субкомпакт болады.


Citroen

Ситроен қызығушылық тудырып отыр. Өткен жылдың соңында Париждегі автосалонда Француз маркасы екі тұжырымдаманы жариялады, олардың біріншісі Женевада, екіншісі – осы жылдың сәуірінде Шанхайда ұсынылады. Тұжырымдамалардың атаулары әзірге құпия сақталып отыр, алайда екеуі де брендтің 100 жылдық мерейтойына орай жасалған.


Peugeot

Шағын хэтчбек Peugeot 208 жарыққа шығуға дайын. 208-ші үшін басты жаңалық –платформаның өзгеруі және электрлі нұсқасының пайда болуы.


Mercedes / AMG

Атақты неміс бренді премьераға бірден екі жаңалық дайындаған: универсал CLA және жаңартылған GLK Coupe 2020 көлігі.


BMW

Баварлықтар да Женевада көрсету үшін бірнеше жаңалық дайындаған. Олардың арасында жаңа M3, X3 М және X 4М кроссоверлері, сондай-ақ 7 сериялы жаңа флагман седан бар.


Porsche

Штутгарттық компания Швейцарияға 718 Cayman GT4 Clubsport тректік спорткар алып келді және жаңа Porsche 911 Cabrio көлігін таныстырады.


Honda

Ал жапониялықтар «Женевада 2017» Франкфурттегі автосалонда прототип түрінде ұсынылған Urban EV – ықшам электрлі көліктің сериялық нұсқасын көрсетеді. Айта кетейік, белгілі бір себептермен оның сатылымда пайда болуы бір жылға кейінге қалдырылды, сондықтан кем дегенде көлік Еуропа нарығында 2020 жылдан ерте пайда болмайды.


Kia


Kia мұхиттың арғы жағында Telluride үлкен кроссоверін ұсынған, ал Еуропаға ықшам үлгі әкелді. Анығырақ айтсақ, жарық беру құралдары үлкейтілген және басқа да жаңартулары бар Ceed үлгісін еуропалық көрерменге таныстырады.


Polestar

Ұзақ уақыт бойы танымал болған шведтік Volvo маркалы спорт көлігі Женевада Polestar 2 атты өзінің екінші үлгісін көрсетеді. Бұл өте күшті электрокар болады деп күтілуде.


Seat

Женевада осы хэтчбектің жаңа буынының үлгісіі мен Leon универсалы ұсынылады. Бұл модель тарихта алғаш рет ескірген Toledo үлгісін жаңғырту үшін седан ретінде жасалған.


Mazda

Жапон компаниясы Женевадағы автосалонда «жаңа модельдің әлемдік премьерасы» болатыны туралы ақпарат таратып отыр. Бұл көліктің атауы әзірге құпия.


Nissan


Juke кроссоверінің жаңа буынының әлемдік премьерасы Женевада күтілуде. Сол жерде еуропалық халық жаңа, кеңейтілген батареямен жабдықталған Leaf E-Plus-пен таныса алады.


Ssang Yong

Ал, аталған кореялық брен Женевада Korando жаңа сериялық кроссоверін таныстырады.


Айта кетейік, көрмеде бұдан да өзге көптеген көліктер таныстырылатын болады. Біз сол «темір тұлпарлардың» арасынан үздіктерін ұсынып отырмыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көктемге көліктің ҚАЙ ЖЕРІ дайын болу керек?


Бұл кеңестер әрбір автокөлік иелеріне АУАДАЙ ҚАЖЕТ! Байқап көріңіз