Жолда орын алатын АСА ҚАУІПТІ жағдайларда ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУ қажет

0
3 458

Ең бірінші деннің саулығын, бастың амандығын ойлау керек.


Жолда орын алатын АСА ҚАУІПТІ жағдайларда ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУ қажет

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көлік жүргізушілері жолда келе жатып түрлі қолайсыз жағдайларға тап болады. Ондай оқиғалардың кейбіреулері адам өміріне қауіпті болуы да мүмкін. Әлбетте мұндай кезде жүргізушінің тәжірибесі мен іс-әрекеті үлкен рөл ойнайды. Яғни, күтпеген жағдайда дұрыс шешім қабылдаса, онда ол қауіптен аман шыға алады. Сондықтан оқырмандарымызға жолдағы әртүрлі қауіпті жағдайлардан дін аман шығуға көмектесетін кеңестерді ұсынамыз.


Қарсы бағыттағы көлік сіздің жолыңызда келе жатса

Егер кенет осындай жағдайға тап болсаңыз, алдымен қарсы келе жатқан көліктің назарын аудартуға тырысыңыз. Мысалы, жарықшамды өшіріп, жағып, оның өз жолында келе жатпағанын ишаралауға болады. Сонымен қатар, ол өз жолына түспесе не істеу керек екенін жоспарлап қоя салған абзал. Өйткені, бұл әлемде неше түрлі адам бар ғой. Сондықтан, оның жол ауыстырмайтынына көз жеткізсеңіз, мүмкін болғанша соғыспауға тырысып, басқа бағытқа бұрылып кетіңіз. Қалған мәселені артынан шеше беруге болады. Бастысы – амандық.


Көліктің артқы орындығында қылмыскер отырса

Бұл кез келген жүргізуші үшін өте қауіпті жағдай. Ондай адамдар көліктен бір зат ұрламақшы болса да, ізін жасыру үшін куәгерге зиян тигізіп кетеді. Сол себепті ең алдымен денсаулықты ойлап, көліктен жылдам шығып кетуді қарастырыңыз.

Сонымен қатар, жүргізушілерге арналған атап айтқанда, газ бүріккішін, газ тапаншасын немесе мылтық секілді қорғаныс құралдарын заңдастырып, алып жүруге кеңес береміз. Ал, қылмыскер қылқындыруға тырысса, қолын тістеуден тайынбаңыз. Сонда ғана ол қолын босатып, сізге қашып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда көзсіз ерліктің керегі шамалы.



Есерсоқ жүргізушілер

Жолда тәртіпке бағынғысы келмей, түрлі маневр жасайтын жүргізушілер міндетті түрде болады. Ал, біз оларға еріп кетпеген дұрыс екенін айтқымыз келеді. Өйткені, мұндай есерсоқтықтың соңы апатқа ұласуы әбден ықтимал.


Мұндай жүргізушілер сіз келе жатқан жолаққа шеттен қосылып, көлігіңізге зиян тигізуі де мүмкін. Бірақ, мұндай жағдайда тежегішті қатты баспай-ақ қойған дұрыс. Себебі, бұл әрекеттен кейін артыңыздағы көліктің бәрі соқтығысуы мүмкін ғой. Оданда сізді соққан есерсоқтан шығынды өтетіп алған оңай.



Алдыңыздағы көлік жүргізушісінің тізгіннен айырылып қалғанын байқадыңыз ба?

Бұл жағдайда бірден жылдамдықты төмендетіп, алдағы көліктің тоқтауы немесе түзелуіне жеткілікті кеңсітік беріңіз. Әйтпесе, өзіңізге де зияны тиіп кетуі ғажап емес. Сосын, апатқа ұшыраған көліктерге қарамауға тырысыңыз. Соларға қараймын деп, өзіңіз де апатқа түсіп қалуыңыз мүмкін ғой.


Кенеттен дауыл пайда болса...

Егер дауыл тұрып, жақын маңда алапат құйын пайда болса, көліктен шықпаған жөн. Мүмкіндік болса, көлікті ықтасын жерге қоюға да болады. Бірақ, ағаш немесе ғимарат астына қоямын деп, көлігіңізге зиян тигізіп алмаңыз.



Көлікпен суға түсіп кеткенде не істеу керек?

Елестетіп көріңізші, кенеттен көлік тізгінінен айырылып қалып, өзен, канал немесе көлге түсіп кеттіңіз делік. Мұндай жағдайда ең бастысы үрейленбеу және көліктің суға толығымен батып кеткенін күтпеу керек. Өйткені, көптеген адамдар салонға су толғаннан кейін ғана әрекет жасап, уақытын жоғалтып алады. Негізі көлік суға түсе салып оның ішінен шығып кету қажет. Себебі, кез келген мүліктен өмір қымбат емес пе?!


Сапарыңыз сәтті болсын!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Абайлаңыз! Көлік жүргізгенде КҮЗДЕ де ҚАУІП БАР


Жолға шығып кететін жануарлардан ҚАЛАЙ сақтану қажет?