"Адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол"

0
4 663

Шынында жігітке жеті өнерді азсынған қазақ, оның бойында сан түрлі қыр болатынын анық білсе керек. Сол жігіттердің бір бейнесі - Мақсат Құрманғазыұлы.


Ұлы Абай: "Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек... Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол"-, депті. Шынында жігітке жеті өнерді азсынған қазақ, оның бойында сан түрлі қыр болатынын анық білсе керек. Сол жігіттердің бір бейнесі - Мақсат Құрманғазыұлы.


Мақсат Шымқаланың тумасы, бала күнінен қолөнерге қызыққан шебер сандық жасауды машық еткен. Оның балалығы шеберханада өтті десе де болардай, себебі әкесі ағаш ұстасы екен.

Еңбекпен күнін өткізіп жүрген жігітке тағдыр 21 жасында сынақ берген-ді. Сол жасында биіктен құлап омыртқасын сындырады. Оның салдарынан арбаға отыруға мәжбүр болған. Бірақ мінезді жігіт оған берілмей өзінің жұмысын қайта қолға алады.


Мақсат арада бес жыл өткенде кәсібін кеңейтуді ойлап мемлекеттің "2020 бағдарламасымен" жеңілдетілген пайыздағы несие алады. Ол ақшаға Қытайдан 3 білдек (станок) сатып алып, кәсібін әрі қарай қолға алған.

Сандық - қазақ халқының ежелден келе жатқан жиһаздарының бірі, оны жасаудың өзіндің техникалары мен құпиялары да бар екен.


Фото жеке мұрағаттан алынды.

ERNUR.KZ.