​Бизнес идеяны қалай таңдау керек?

0
7 735

Сіздің кәсіпкер болғыңыз келе ме? Кәсіпті неден, қалай бастау керек деп ойлайсыз? Сіздің алғашқы миллионыңызды табуға көмектеседі деген сеніммен бизнес идеяны таңдауда ескеретін ережелерді ұсынамыз.


​Бизнес идеяны қалай таңдау керек?

Сіздің кәсіпкер болғыңыз келе ме? Кәсіпті неден, қалай бастау керек деп ойлайсыз?

Сіздің алғашқы миллионыңызды табуға көмектеседі деген сеніммен бизнес идеяны таңдауда ескеретін ережелерді ұсынамыз.

Өз тәжірибеңізге жүгініңіз!

Бизнес идеяны таңдар уақытта сіздің икемділіңіз маңызды рөл атқаруы керек. Яғни, өзіңіз білетін, түсінетін кәсіптің "асханасы" сізге бөтен болмақ емес. Бірақ идеяңыз шынайылыққа құрылсын. Кәсіп таңдаймын деп кітап пен ғаламторды саралап кету үнемі жақсы нәтиже бере бермейді. Осы себептен өз қабілетіңізді байқап, тәжірибелігіңізге мән беріңіз.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, кәсіпкердердің көпшілігі өз ісін бизнеске айналдырғандар.

Кедергілерді анықтаңыз.

Мықты кәсіпкер кедергіден қашпайды, керісінше оны шешудің жолын қарастырады. Кәсіпке келмес бұрын, өз идеяңызда қандай кедергілер болуы мүмкін екеніне көз жүгіртіңіз. Бәсекелестердің тәжірибесінен сабақ алу да артық етпейді. Өзіңізге белгілі бір уақыт қойып ұсақ-түйек кедергілердің шешімін тауып, амалдарын қарастырып көріңіз. Дайынсыз ба? Әлде қиындық келгенде оны біреуге арта салғанды жөн көресіз бе?

Басшы секілді ойланыңыз!

Кедергімен күрес дегеннен шығады, сіз енді біреуге қызмет етпейсіз. Өз кәсібіңіз сіздің бейнеңіз іспетті. Сондықтан барынша оны дұрыс қалыптастыруға тырысу керек. Бизнес идеяны таңдар кезде де мұқият ізденіп, үнемі жаңашылдыққа ұмтылыңыз. Бизнес туралы сабақтарға жиі барыңыз. Бәлкім ол сіздің кәсібіңіз үшін пайдалы болмауы да мүмкін, бірақ өзге адамдармен араласу арқылы таныстардың санын арттыруға жақсы мүмкіндік.

Дұрыс «көшіріңіз»!

Сіз енді ғана кәсібіңізді таңдап жатсаңыз, шетелдік кейстарды қарауға да болады. Өзіңіз өмір сүретін қала мен Батыс, Азияның да нарығын қарастыру артық етпейді. Олардың артықшылықтарын өз пайдаңызға асыра біліңіз.

Фото ашық дереккөзден алынды.

ERNUR.KZ