Маусымдық бизнес: Тәтті мақта сату

0
5 447

Әр бизнес табысты түрліше алып келеді. Кейбірі тұрақты болса, енді бірі маусым кезінде қалтаңызды қомпитады. Дәл қазір саябақтарда серуендеп, жағалауда жүретін жандардың қарасы өте көп. Осы уақытта пайда алып келетін кәсіптің бірі - тәтті мақта.

Асылында оны өндіру үшін қант, су және аппараты болса жеткілікті. Үлкеннің де, кішінің де сүйікті асы саналатын тәтті мақтаның нарықтағы соммасы-150 теңге.

Бұл азықты дайындау көп алмайды, тек аппараты болса жеткілікті. Оны өндіретін аппараттарды Ресей мен АҚШ шығарады, одан бөлек қалауын тапқан кәсіпкерлер оны желдеткіштің көмегімен де дайындайды екен. Негізгі аппараттың бағасы шамамен 9000 басталып, 100 000 теңгеден асады.

Тәтті мақтаны дайындау да көп уақыт алмайды, тек әлсіз отқа еріген қанттар тәтті мақта талшықтарын құрайды.

Шығыны аз болатын бұл кәсіппен күн жылынған кезден бастап, қара күзге дейін айналысуға болады.

Әсіресе балалар алаңында, саябақтар мен демалыс орындарында, сауда орталықтары мен жәрмеңкелерде жақсы табыс табуға болады.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: Karashash_esenbay

ERNUR.KZ